8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қазан 2019 1482 0
Қоғам

«ЖАҢАРУДЫҢ» ӨКІЛДЕРІН АУДАНДАРҒА ҚОЮЫМЫЗ КЕРЕК»

Рамазан Исмағұлов, Бәйтерек ауданы мәслихатының хатшысы:

– «Сыбайлас жемқорлық» деген сөз ертеректе ата-бабамыз айтып кеткен «бармақ басты, көз қысты» деген тіркесіне сай келеді. Ата-анамыз ел басқарған адамдар туралы «ешкімнің ала жібін аттаған жоқ, ешкімге қиянат жасаған жоқ» деп айтып отыратын. Біздің қазіргі қоғам да сол тіркестерді жиі айтатындай деңгейге жетуіміз керек.

2012 жылы аудандардың өзінде ревизиялық комиссия болатын. Сол ревизиялық комиссия қазір жоқ. Тексеруге келсе, екі-үш жылда бір рет қана келеді. Ол уақытта кем-кетіктің су бетіне шығар-шықпасы тағы белгісіз. Енді ревизиялық комиссия қайтадан құрылмасы белгілі. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоғамдық кеңес институты енгізілген болатын. Бұл барлық ауданда бар. Осы   институт арқылы заңдастырып, ревизиялық комиссияның атқарғанын жүргізу үшін «Жаңарудың» өкілдерін ауданға қоюымыз керек. Олар өрескел заңбұзушылықтарды бақылауға алып отырар еді. Сыбайлас жемқорлықты да азайтуға септігін тигізер еді.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
76 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
114 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
209 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
194 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
415 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»