Жаңа жылдан бастап зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалануға болады
Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 31 заңнамалық актіге, соның ішінде 14 кодекс пен 67 заңға өзгерістер мен түзетулер енгізілгенін айтты. Заң жобасында зейнетақы жинағын пайдалану тетіктері де бар. Ақша-несие саясатын жетілдіру үшін бірқатар түзету ұсынылады. Заңнама нормаларын біріздендіру үшін ақша-несие саясатының негізгі құралы ретінде қайта қаржыландыру ставкасының орнына базалық мөлшерлемені енгізу ұсынылады, – деді Дәленов.
Әлеуметтік саясат бағыты шеңберінде азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделу ақысын төлеуге немесе жеке қаржы компанияларының басқаруына беру мақсатында пайдалану үшін түзетулер көзделген. Сонымен қатар, жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту үшін мемлекеттік білім беру несиесіне түзетулер енгізіледі. Одан бөлек көп балалы және аз қамтылған отбасылардың, толық емес отбасылардың және мүгедектер тәрбиеленетін отбасылардың балаларына қолдау көрсету мақсатында білім беру грантын бөлу квоталарын кеңейту ұсынылды.
Айта кетейік,1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдан бастап қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалана алатындығын мәлімдеген еді.
Ал Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу шарттарын атап көрсеткен. Яғни «жеткіліктілік шегін белгіледі.
30 жастағы – 2 миллион 518 мың теңге,
35 жастағы – 2 миллион 961 мың теңге,
40 жастағы – 3 миллион 437 мың теңге,
45 жастағы – 3 миллион 947 мың теңге,
50 жастағы – 4 миллион 495 мың теңге,
55 жастағы – 5 миллион 84 мың теңге,
59 жастан жоғары – 5 миллион 586 мың теңге.
Бұл жеткілікті шегі, бұдан асқан сомаларды өз еркімен ала алады. Ол ақшаны азаматтар емделуге, тұрғын үй алуға және қаржы компанияларына аударуы мүмкін.
Алғашқы кезеңдерде БЖЗҚ салымшыларының 6,3 пайызы ғана (720 мың адам) зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалана алатыны белгілі. Барлық талаптарға тек осы азаматтар ғана сай келеді.
https://baq.kz/news/othernews/zhana-zhyldan-bastap-zeynetaky-koryndagy-akshany-sheshuge-bolady-/

Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года

Кіру
Пікір үстеу