8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Желтоқсан 2019 4144 0
Жалын

ЖАҢА ЖЫЛДА ЖАҢАРҒАН ЖӘҢГІР ХАН УНИВЕРСИТЕТІ

Қаланы абаттандыру, университет қалашығын көркейту мақсатында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың бас қақпасы заманауи үлгіде жаңартылды.

Жаңғырған нысанның салтанатты ашылуына оқытушылар мен студенттер қатысып, университет түлектері – облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Манкеев, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Мұқаев және қала әкімі А.Шыныбеков, облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсе жетекшісі С.Тұманбаева шақырылды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Манкеев аталмыш құрылыс нысанының оқытушылар мен студенттердің жетістікке ұмтылу талпынысын арттыратынын атап өтсе, университеттің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Бозымов оқу ордасындағы жаңалықтар мен жетістіктер туралы айтты.

Университеттің жаңа брендін қалыптастыратын, мәдениеттің бастауы – қалашық қақпасының ашылуынан соң жаңа жылдық шырша шамы жағылды. Студенттерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған шарада қала әкімі А.Шыныбеков мерекемен құттықтап, жаңа жылда жаңа табыс пен жемісті еңбек тіледі.

 

Жайнагүл Сағидоллақызы,

Жәңгір хан университетінің медиа орталығының маманы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
72 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
110 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
204 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
191 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
411 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»