ЖАҢА ӘЛІПБИДІҢ ЕМЛЕСІН МЕҢГЕРТУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ
Бүгін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру» институты мен қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін меңгертудің ғылыми-әдістемелік аспектілері» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өтті. Семинар жұмысын университеттің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Қажымұрат Ахмеденов ашты.

Әдістемелік семинарға университет ғалымдары мен облыстың мұғалімдері қатысты. Семинарға арнайы келген «Болат» медиа мекемесінің президенті, «Үш қоңыр» республикалық әдебиет, мәдениет және өнер газеті редколлегиясының бас кеңесшісі Болат Батыр «Латын әліпбиіне қатысты заманауи мәселелер» тақырыбында баяндама жасап, бұқаралық ақпарат құралдарын жаңа әліпбиге көшіруге байланысты туындап жатқан қиындықтарға да тоқталып өтті. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы «Рухани жаңғыру» институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев «Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиіне қатысты емле ережелерін оқытудың ғылыми-әдістемелік қағидалары», филология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сабыр «Латын негізді қазақ әліпбиі емлесінің түйткілді мәселелері» тақырыбында сөз қозғаса, мектеп мұғалімдері де өз ойларын ортаға салды. №44 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ІІ санатты мұғалімі, педагог мадератор Құралай Темірбаева Хабиболлақызы «Латын әліпбиі – мемлекеттік тіл тірегі», №40 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің І санатты зерттеуші мұғалімі Айнұр Сабырова «Латын әліпбиі – рухани тәуелсіздікке жасалған жарқын қадам», Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Райхан Жұмағазиева «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы» тақырыбында баяндама жасап, облыс мектептерінде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті. Семинар жұмысында жастар атынан студенттер де сөз алып, өз ойларын ортаға салды.

М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың филология факультетінің ІІІ курс студенттері Гүлмира Сәрсенғалиева «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелеріне сәйкесті көзқарастарға шолу (Басылым материалдары негізінде)», Шаттық Удаева «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін меңгерудегі қиындықтар (Студенттік көзқарас)» тақырыптарында ой бөлісті. Семинар аясында «Жаңа әліпбидің емле ережелері – қазақ тілінің табиғи тынысы» деген атпен көрме ұйымдастырылды.
Рита Сұлтанғалиева, М. Өтемісов атындағы БҚМУ баспасөз қызметі,
Суретке түсірген Рафхат Халелов
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу