ЖҮЗУ КЕЗІНДЕ НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК?
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қала және облыс халқына судағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін ескертеді:

Жағажай болмаған жағдайда, қауіпсіз және рұсат етілген жерде ғана суға шомылыңыз, судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз. Таныс емес жерлерде сүңгімеңіз, себебі су түбінде қауіпті жағдайлар болуы мүмкін. Суға шомылар алдында демалып алған жөн. Тамақтанып болысымен және масаң күйде суға шомылмаңыз. Қалтырай бастасаңыз суда шомылуды тоқтатыңыз. Тәулігіне 2 рет қана таңертең және кеште суда шомылу ұсынылады.
Жүзу кезінде дененің тырысып қалуы мүмкін. Тырысулар бұлшық еттің салқындауы және кенеттен қатты қозғалу кезінде басталады. Аяқ-қолыңыз құрысқан кезде көмекке шақырыңыз. Егер судың бетіне шығу мүмкін болмаған кезде, келесідей іс-әрекет жасаңыз:
- қолыңыздың саусақтары құрысып қалған кезде, жұдырығыңызды түйіп, қолыңызды бір жаққа қарай серпе, лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз;
- балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып, бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз.
Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере демалып, иірімнің астына сүңгіңіз. Судың астында иірімнен алысырақ кетуге тырысыңыз. Иірімнен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып, жағаға қарай жүзіңіз.
Сіздің көз алдыңызда адам суға бату жағдайы орын алғанда не істеу керек?
Судың ағысын, желдің бағытын, жағалауға дейінгі қашықтықты ескеру керек.
Суға батушы адамның жанына жүзіп жеткен болсаңыз, ол адамды сабырға шақырыңыз. Егер өзі қимылдай алатын болса, құтқарушының иығынан ұстау керек. Ал егер суға батушы ес-түссіз болса, оның беті су бетіне шығып тұратындай қалыпта ұстап қолтығынан немесе шашынан ұстап жағаға алып шығу қажет.
Төтенше жағдай туындаған кезде Сіз «112» номеріне қоңырау шалуыңыз қажет.
БҚО ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу