8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Сәуір 2020 2065 0
Қоғам

ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ. МЕШІТ ИМАМДАРЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОРЫН ҮЛЕСТІРДІ

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үндеуіне орай  Орал қаласындағы  Тәжиден Батырұлы атындағы мешіттің бас имамы Руслан қажы Сұлтановтың бастамасымен сол мешіттің жамағаттары бірігіп, көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, жұмыссыз қалған жанұяларға көмек ретінде азық-түлік үлестірді.

Қайырымдылық шарасында мешіттің бас имам Руслан  Тыныштықұлы сөз алып, дінбасымыз Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін айтып, келе жатқан қасиетті Рамазан  айымен құттықтады.

Игі іске мұрындық болған имамдар мен мешіт жамағаты  әр мекенжайға  азық-түліктерді жеткізді. Айта кетсек, қайырымдылық пакетіне 5 келі ұн,   5 келі шекер, күріш, шай, күнбағыс майы, картоп, жұмыртқа, макарон өнімдері салынды. Жалпы 65 жанұяға көмек ұсынылды.

Ел басына күн туған қысылтаяң шақта еліміздегі құлшылық ордалары қайырымдылық шараларын барынша күшейтіп, мұқтаж жандарға мейлінше жақын болуға тырысып келеді. Бұған дейін де Ақжайық өңірінің дін қызметкерлері бірнеше мәрте демеуші жамағаттың қолдауымен қайырымдылық шараларын өткізген болатын. ҚМДБ жұмысының негізгі бағыттарының бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға елімізде жарияланған төтенше жағдай режиміне орай бұрынғыдан да баса мән беріліп отыр.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, бауырлар!

 Тәжиден Батырұлы мешітінің баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
97 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
337 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
328 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»