ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ
Бүгін Орал қаласында кәсіпорындардағы жұмысшы жастар арасында «Еңбек кубогы – 2021» шағын футбол турнирі өтті. Турнирді қалалық ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырды. Жарысқа жеті кәсіпорынның командасы қатысты.

Аяқ доп әуесқойларының басын қосқан турнир салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың спорттық әлеуетін дамыту және зауыт, кәсіпорындар арасындағы достастықты арттыруды мақсат етті.
Жарыс қорытындысында «Орал құйма-механикалық зауыты» командасы үшінші орынға тұрақтады. Финалдық бәсеке «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ мен БҚО ТЖД-ның өрт сөндіру және аварияық құтқару бөлімі арасында тартысты өтті. Бұл кездесуде алғашқы голды Өрт сөндірушілер салды. Десек те аталған команда өз қақпаларына 3 гол өткізіп алған. Осылайша, Өрт сөндіруші-құтқарушылар – екінші орынға ие болды. Қарсыластарына дес бермеген «БҚ машина жасау компаниясы» АҚ командасы – бірінші орынға шықты.
«Үздік қақпашы» номинациясын «Орал құйма-механикалық зауыты» командасының қақпашысы Самат Мұхатов иеленсе, Өрт сөндіруші-құтқарушылар командасының шабуылшысы Юрий Васильевич «Сұрмерген» атанды.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу