«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» АРҚЫЛЫ БІЛІМ ҰЯЛАРЫ ЖАҢАРАДЫ
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы апатты жағдайдағы Орал қалалық №33 мектебінің орнына жаңа ғимарат бой көтеруде. Жалпы бұл бағдарлама арқылы биыл Батыс Қазақстан облысында төрт білім беру нысанының құрылысы жүргізілмек. Оған 1 047 132,0 мың теңге бөлінген.

«Ет комбинаты» ауданы аумағында орналасқан №33 орта жалпы білім беретін мектебі 1935 жылы салынған. екен. Мектеп директоры Үміт Ерғалиева атап өткендей, аталған мектеп тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Оралда алғаш ашылған қазақ мектептерінің бірі. Қазіргі уақытта мектепте 457 оқушы бар. Олар өткен жылы мектептің апатты деп танылуына байланысты осы аудандағы №2 мектеп ғимаратына көшірілген еді.
Бұған дейін, облыстық құрылыс басқармасы мәлім еткендей ескі ғимараттың орнына 300 орындық жаңа нысанның жобалық құны – 1,3 млрд. теңгеге есептелген. Өткен жылдың желтоқсанынан бастап ескі мектепті сүру жұмыстары жүргізіліп, биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы жаңа мектептің құрылыс жұмыстары басталды. Мектеп құрылысын «НұрКапСтройГаз»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Құрылыс жұмыстары 14 айға жоспарланған.

Сондай-ақ аталмыш «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы негізінде Бәйтерек ауданы Зеленов ЖОББМ ғимаратының құрылысы, Бөкей Ордасы ауданы Бөрлі ауылындағы М.Бегалиев атындағы ЖОББМ екі ғимаратының арасына жабық өткел құрылысы, Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында А.Оразбаева атындағы орта мектебінің спортзал құрылысы жүргізіледі.
Сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол қартасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 8 245 719 мың теңгеге 26 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізілмек. Қазірдің өзінде жөндеу жұмыстары басталып кетті.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу