ЖҰМЫС ІЗДЕГЕН ТӨРТ АЗАМАТ АЛАЯҚТЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ТҮСІП ҚАЛДЫ
Батысқазақстандық төрт азамат атыраулық 29 жастағы арудың аляқтық әрекетіне тап болған.

Бұл азаматтар жоғары жалақысы бар жұмысқа орналасып, отбасылық бюджетті жақсартуды мақсат тұтқан. Алаяқ олардың осы мақсаттарын өз пайдасына ұтымды пайдалануды көздеген. Whatsapp мессенджері арқылы ол жоғары ақы төленетін жұмысқа орналасуға үміткерлермен хат жазысқан. Сөйлесе келе сыйақы ретінде өз шотына ақша аударуды ұсынады. Осылайша, азаматтардан жалпы сомасы 370 мың теңгені иемденіп алыпты. Бұл 2019 жылы болған жағдай екен. Арада бір жылдан астам уақыт өткенімен жұмыс болмаған. Әрі алданып қалғандарын, ол қыздың алған ақшаны да қайтарып беру ойында жоқ екенін пайымдаған жігіттер полицияға жүгініпті.
Қабылданған шаралар барысында БҚО Полиция Департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері аталған алаяқтық әрекеттерді жасаған 1991 жылғы С. есімді атыраулық азаматша екенін анықтады. Сондай-ақ оның осыған ұқсас қылмыстарды жасағаны үшін қазірдің өзінде Атырау облысындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқаны белгілі болды.
БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінң мәліметінше, тұрғындарға сан мәрте ескерту жүргізілгеніменмен, интернет-аляқтығының құрбанына айналғандар азаймай тұр. Жыл басынан бері облыста 80-нен аса интернет-алаяқтықтың орын алғаны тіркелген.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу