ЖҰМАЛИЕВ КӨШЕСІНДЕГІ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ БАЯУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
18 қыркүйек күні жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары, БҚО жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасының өкілдері, «Ақжайық – адалдық аланы» жобалық офисі, қоғам және БАҚ өкілдерімен бірлесіп Орал қаласының Жұмалиев, Аймауытов, Дулатов, Жұмабаев көшелерінің күрделі жөндеу объектісінде мониторинг жүргізді.

Ағымдағы жылдың тамыз айында мониторинг барысында, Жұмалиев көшесінің жөндеу учаскесінде тас-құм қиыршықтас қоспасынан жасалған негізгі қабаттың қосымша қабатының тығыздалмағандығы, тротуарда электр бағанының болуы және су ағуы қамтамасыз етілмегендіктен, негізгі қабаттың ылғалдығы шамадан тыс көптігі анықталған болатын. Кмиссиялық қарау кезінде аталған ескертулердің әлі де жойылмағандығы белгілі болды. Сонымен қатар, жол жөндеу жұмыстары баяу жүргізілуде.
Аймауытов көшесінде ыстық ірі түйіршікті асфальтбетон қоспасынан асфальтбетон жабынының төменгі қабаты орнатылуда.
Дулатов көшесі бойынша ағымдағы жылдың тамыз айында комиссиялық қарау кезінде тротуарды орнату кезінде бетонды негізге ернеулі тастарды (поребриктер) орнату технологиялық процесті бұза отырып жүргізілгені анықталған болатын. Қазіргі уақытта аталған ескертулер жойылған.
Сонымен қатар, Жұмабаев көшесі бойынша жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру мақсатында, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандарымен тиісті сараптама үшін керн және қоспа сынамасына іріктеу жүргізілді.
Осы жобаның міндеттерінің бірі белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам мүшелерімен өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысын қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Кіру
Пікір үстеу