ЖҮЙРІКТІҢ БАБЫ КЕЛМЕЙ, БАҒЫ ЖАНБАЙДЫ
Қазір ауылдық жерлерде қолындағы азын-аулақ малының басын көбейтіп, қожалық ашқандардың қатары артқан. Солардың бірі – Жаңақала ауылы Қызылоба ауыл шетіндегі Бозоба қыстағында орналасқан «Жандос» шаруа қожалығы. Қожалықты бес ағайынды жігіт бірігіп ашқан, қазір үшеуі шаруашылықты дөңгелентіп отыр. Айдос басшы, Алмас техниканын тілін табушы, ал Ерболат жылкы малына жауапты.

Ерболат бала кезінен тайға мініп, атқа шапқан. Жылқы малының жағдайын жақсы таниды. Атбегі Ерболат баптаған жел жетпес жүйріктері әрісі облыстың, берісі ауданның, ауылдың бәйгесіне қатысып, алдарына ат салдырмай жүр. Тұңғыш жаратқан жүйрігі Маңғыстау үш жыл бойы ат жарыстарында оқ бойы озық келді. Одан кейін де кермеге байлаған сәйгүліктері көп алдында абыройлы болды. Атбегінің Назқоңыр атты жүйрігі Орал, Ақтөбе қалаларында өткен талай аламанда дара келіп, иесіне бір миллион теңге, тоңазытқыш, теледидар, өзге де бағалы сыйлықтар әперген. Аймақта өткен ат жарыстарының алдын бермейтін тұлпарларды баптаған Ерболаттың Құрама, Құралай есімді жүйріктері де жүлдесіз қалған емес.
Бала күнінен жылқының жалын тартып мінген Ерболат кәнігі атбегілердің жанында жүріп талай нәрсенің сырын ұқты. Мектеп бітірген соң жылқы жануарына деген құмарлығы оны ауылдан ұзатпады. Ойлана келе жас жігіт кәсіп ашып, жылқы басын көбейтуді мақсат етті. Қазір кәсіпкерліктің қыр-сырын терең меңгеру үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту жобасы бойынша мемлекет тарапынан несие алып, кәсібін дамытуда.
«Мал баққанға бітеді» деген сөздің жаны бар. Түліктер де бапты, күтімді, жағдай жасағанды қалайды. Сондықтан олардың жем-шөбінің құнарлылығы мен сапалық жағына аса мән береміз. Жылқы мінсең көлігің, ал саумал мен қымызы дертке дауа, ауруға ем екендігі өз алдына. Жиі болмағанымен, аратұра саумал сатып жүрдік. Қазір ауылда су тапшылығы қиындық тудырып тұр. Келешекке құрған жоспарым көп. Оның сәтті жүзеге асуына мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мен қаржылай көмек септігін тигізеріне сенемін. Ерназ Сәтпаев, Андрей Қуанов деген шабандоз балалар менің жүйріктеріме мініп талай бәйгенің басында келді. Былтыр Назқоңыр мен Құрама Батыс Қазақстан облысы бойынша өткен бәйгеде үш мәрте бірінші орын алды, оның алдында жаратып жүрген тағы бір сәйгүлігім Ақтөбеде үшінші орын алды. Маңғыстаудан тараған сәйгүлігім Айкерімді осы күзде Атырау қаласында өтетін бәйгеге баптап жүрмін, – дейді Ерболат көмбеге қашан да бірінші болып келіп жүрген бәйге аттарының атын атап, қыр-сыры мен мінезін бізге сипаттап беріп. Қазақта атақты тұлпарлар аз болған жоқ. Ақансері Құлагерім десе, Байшұбар – Алпамыстың, Тайбурыл – Қобыландының аяулы арғымағы болғанымен белгілі. Ерболаттың әңгімесінен Маңғыстауы аузынан тастамайтын дүлдүлі, ең сенімді, сұлу сәйгүлігі болғанын ұқтық. Жақында Ақжайық ауданында өткен «Жайық жүйрігі» аламан бәйгесін Ерболат бастаған атбегілер өздері ұйымдастырыпты. Осы іске бастамашы болған атбегілердің жеңімпаз жүйрікке тіккен 1 500 мың теңгесін оралдық Берік Есенғалиев қанжығалапты.
– Қазір қорамда 14 тұлпарым бар. Шынын айтсам, аттан пайда көрейін деген ой жоқ менде. Менікі, тек атым салым салса, көңілденіп үйге қайту ғой, – деген кейіпкеріміз таяуда Грузия мемлекетінен екі миллионға тұлпар сатып алып, оны Зере деп атағанын қуана жеткізді. Күтімі ерекше Зересінің болашақта бәйгенің алдын бермейтініне нық сенімді. Атбегі «Бабы келіскен сәйгүлік – қашықтыталғамайды» деген қағиданы расымен де дәлелдегендей. «Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» дейтін ауылдастары да атбегінің жасаған еңбегіне әрдайым тілекші болып отырады. Алда әлі талай жарыстар тұр. Әрдайым сәйгүліктерінің бабы мен бағы қатар шабатын ат бапкеріне – баптаған жүйріктеріңіз мәреге дара жетіп, бәйге төрінен көрінсін дейміз!
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА


Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу