ЖӘҢГІР ХАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ ТРАНСФОРМАТОРҒА ҚАЖЕТТІ ЖАБДЫҚ ӨНДІРУ ЖОБАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ
Бүгін, 12 наурыз күні «Alageum Electric» компаниялар тобының (Орал трансформатор зауыты) басшылары Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне барып, университет ректоры Асқар Наметовпен бірге Индустриалды-технологиялық институт базасында болып, өндірістік іс-тәжірибе шеберханаларының жұмысымен танысты. Бұдан әрі компания өкілдері университет студенттерімен кездесіп, білім мен тәжірибені ұштастыру туралы ақыл-кеңестерімен бөлісті. Сондай-ақ қонақтар студенттерге қызмет көрсету орталығында болды. Бұл туралы Жәңгір хан университетінің медиа орталығы хабарлады.

Сапар барысында университеттің мәжіліс залында бас қосқан қос тарап «Кернеуді трансформаторлық ауыстырып-қосқыш өндірісі» жобасын талқылады. Университет ғалымдарының бұл жобасы оқу жылының басында «Даму» қорынан гранттық қаржыландыруға ие болған еді. Грант қаржысына өндірісті жүзеге асыруға қажетті құрылғылар сатып алынған. Жобамен таныстырған университет оқытушысы, магистр Арайлым Төрешова Орал трансформатор зауытының өкілдеріне өнімді өндіруге қатысты бірқатар ұсыныстарды жеткізді. «Alageum Electric» компаниялар тобы бақылау кеңесінің төрағасы Сайдолла Қожабаев университет ғалымдарының бастамасын қолдайтындарын жеткізді. Енді оны зерделеп, бірқатар тетіктерін талқылауды ұсынды.
Орал трансформатор зауытының техникалық директоры Тұрар Асан кернеуді трансформаторлық ауыстырып-қосқыш бөлшек елімізде өндірілмейтінін айтты.
– Жәңгір хан университеті ғалымдарының біздің зауыт үшін дайындаған жобасымен таныстық. Өз тарапымыздан жобаға қызығушылық танытып отырмыз. Енді келіссөздер жүргізіп, алдағы уақытта оның тиімділігін, техникалық жақтарын жан-жақты саралап, ортақ шешімге келетін боламыз. Жалпы трансформатордың бұл жабдығы зауытқа Түркиядан тасымалданады, – деді Тұрар Асанұлы.
Еске сала кетсек, Жәңгір хан университеті Орал трансформатор зауытымен екі жылдан бері әріптестік бағытта байланыс жасап келеді. Зауыт басшылығы оқу орнына тәжірибелік жағынан қолдау көрсетіп, ынтымақтастықты нығайтуда.

zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу