ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БҚАТУ-ДА «ҒЫЛЫМ АЙЛЫҒЫ» БАСТАЛДЫ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 12 сәуір – халықаралық ғылым күні аясында «Ғылым айлығы – 2021» іс-шарасы басталды, деп хабарлады университеттің медиа-орталығы.

Бүгін Индустриалды технологиялық институт базасында университетішілік «Жаңа технологиялар: өзекті мәселелер, жетістіктер мен инновациялар» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда алдымен сөз алған Жәңгір хан университетінің ғылым бойынша проректоры, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты Әлжан Шәмшідін әріптестерін Ғылым айлығының басталуымен құттықтады.
– Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай әр ай нақты салалардың айлығы болып бекітілді. Сәуір айының еншісіне ғылым саласы бекітіліп, еліміз бойынша осы бағытта іс-шаралар ұйымдастырылады. Біздің университетімізде де айдың соңына дейін осындай жұмыстар жоспарланды. Сол жұмыстардың бастамасы іспетті бүгінгі конференцияда оқылатын баяндамалар жас мамандарға тағылымды тәжірибе болары сөзсіз, – деген Әлжан Смайылұлы конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Жиында баяндама жасаған Индустриалды технологиялық институт директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Сәрсенбек Монтаев оқу орнында жасалған ғылыми-сараптамалық зерттеулерге, ғылыми жобаларға тоқталып өтті. Күні бүгінге дейін бірқатар инновациялық жобаларды дайындауға атсалысқан ғалым ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелермен бөлісті. Ғылыммен айналысамын деген мамандарға әлі де дайын тақырыптар жеткілікті екенін айтты. Бұдан әрі «Мұнай, газ және химиялық инженерия» жоғарғы мектебінің оқытушысы Адель Сәрсенова, аға оқытушысы Тимур Шәкіров, «Құрылыс инженериясы» білім бағдарламасының 3-курс докторанты Қаржаубай Досов, «Құрылыс және құрылыс материалдары» жоғары мектебінің оқытушысы Еркебұлан Мәжитов, «Машина жасау» жоғары мектебінің аға оқытушысы, PhD доктор Ербол Ербаев, аға оқытушы Арайлым Турешова баяндама жасап, ғылыми бағыттағы жұмыстарымен таныстырды.
Институт директоры, ғалым-ұстаз Сәрсенбек Монтаев ғылыми-тәжірибелік конференцияның негізгі мақсаты – оқу орнындағы ғылыми бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарды, өзекті мәселелерді қамтитын ауқымды жобалардың нәтижесін талқылау екенін жеткізді.
– Ғылыми жұмыстардың негізгі бағыттары – табиғи ресурстарды тиімді пайдалану. Әріптестеріміз экология, машина жасау, мұнай-газ салалары бойынша ғылыми жұмыстармен айналысуда. Біздің институтымызда оннан аса гранттық жобалар жүзеге асырылуда. Соның нәтижесін студенттеріміз, магистранттарымыз бен докторанттарымыз өздері оқу процесінде, курстық, дипломдық, диссертациялық жұмыстар жазу кезінде пайдаланып, білімдерін шыңдауда. Елбасымыз да оқу үрдісін ғылыммен ұштастыру қағидасын ұсынған болатын. Біз осы бағытта іздене еңбектеніп, көптеген тәжірибелік жұмыстар жүргізіп, еліміздің ғылым саласының дамуына өз үлесімізді қосудамыз, – деді Сәрсенбек Әлиакбарұлы.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу