8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қараша 2020 1459 0
Жалын

Ж.ДОСМҰХАМЕДОВ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТОП-100 СТУДЕНТІ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенті Алина Қасым «Қазақстан Республикасы колледждерінің «ТОП-100 студенті» жобасына белсене қатысып, республикалық байқауда топ жарды. Сүйінші хабарды БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі жеткізді. 


Аталған жоба елімізде екінші жыл өткізіліп отыр. Жеңімпаздарды онлайн конференция арқылы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова құттықтады. Ашық диалогтық алаңда студент жастар жоба туралы және бүгінгі күннің озық ойлы жастары туралы өз ойларын ортаға салды.
«ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» жобасына қатысып, өңір мақтанышына айналған үздік студент Алина Қасымды құттықтаған басқарма басшысы Айгүл Мыңбаева жеңімпаздың алдағы уақытта өз ісінің шебер маманына айналатынына сенім білдіріп, диплом және 100 000 теңгенің сертификатын, білім басқармасының атынан алғыс хат табыстады. Ал колледж директоры Светлана Бахишева жобаға қатысқанын растайтын сертификат пен Орал қаласындағы №50 жалпы білім беретін мектепке жұмысқа орналасуға жолдама ұсынды.
Сондай-ақ осы жобаға өңірімізден қатысқан студенттерге алғыс хаттар берілді.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
72 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
110 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
204 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
192 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
412 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»