ЖҰБАН САЯБАҒЫ ЖАС КӨШЕТТЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ
8 мамыр күні Ақ Жайық жастары саябаққа 30 көшет отырғызды. Бұл шара Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.
Жұбан ақынның ескерткіші орналасқан саябаққа жас көшеттерді түптендіру шарасы «Киелі табиғат» жалпыұлттық экологиялық жобасының «Естелік саябағы» акциясы аясында өтті. Шараға «Ақ Жайық жастары» волонтерлік корпусы, «Орал жастары» волонтерлік корпусы, «Жаңғыру жолы» қоғамдық бірлестігі мен «Жас ұлан» ұйымдарының өкілдері қатысты. Олар өздері отырғызған бұл көшетттер болашақта мәуелі ағашқа айналарына сенімді. Ең бастысы, туған жерді түлету әр азаматтың парызы екендігін еске салып тұратын болады.
Айта кетейік, аталмыш жоба 24 сәуірде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өскелең ұрпаққа экологиялық білім берудің тиімді әдістерін жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолға алуымен өткізілуде. Осы реттте 25 мамырға дейін ел аумағында экологиялық айлық жалғасатын болады.
Әлеуметтану зерттеулері қазіргі кезде экологиялық мәдениет пен экотренд қазақстандық жастардың TOП-5 құндылық критерийлеріне кіріп отырғандығын көрсетіп тұр. «Киелі табиғат» жобасы осы оң тенденцияны нығайтуды және дамытуды көздейді.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу