ЖҰБАН АҚЫНҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛЫП, ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте айтылды.

Биыл Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығы. Ақынның 100 жылдық мерейтойын атап өту ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өткiзiлетiн мерейтойлар мен атаулы күндердің тiзбесiне енгізілді.
Ж.Молдағалиевтің 100 жылдығын атап өту бойынша облыстық жұмыс тобы құрылып, 9 қаңтарда алғашқы отырысы өтті. Жұмыс тобының құрамында өңірдегі ақын-жазушы, өлкетанушылар бар. Атап айтқанда А.Бақтыгереева, Ж.Ақбай, А.Нәріков, Ү.Елубайқызы, Қ.Құттымұрат, М.Шүйіншалиева, Т.Жазықбай, А.Мұсаев.
– Жұмыс тобының мүшелері халықаралық деңгейде «Жұбан және ерлік жыры» атты жазба поэзиясы мүшайрасын өткізуді, Алматы және Нұр-Сұлтан қаласында Жұбан ақынның ескерткішін орнатуды, ақынның өлеңдеріне патриоттық әндер байқауын өткізуді, әлеуметтік желілерде ақпараттық сүйемелдеу шараларын белсенді ұйымдастыруды ұсынды, – дейді БҚО мәдениет басқармасы басшысының м.а С.Дүйсентегі.
Мерейтойлық шараларға бастама беру 31 қаңтарға жоспарланған. Бұл старттық шара Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасымен бірлесіп, БҚО облысының барлық кітапханаларында өтеді.
Жыл бойы облысымыз бен аудандарымыздың мәдениет және білім беру ұйымдарында Жұбанға арналған кітап және музей көрмелері мен түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылады.
Арнайы құрылған жұмыс тобы Жұбан ақынның шығармашылығынан үш тілде энциклопедия шығару мақсатындағы жұмыстарды бастады. Бұдан бөлек «Таланты тау боп көрінсе» атты Ж.Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығын насихаттауға арналған әдістемелік-библиографиялық құрал жасақтап шығару көзделіп отыр. «Өшпейтін өлең» атты Жұбан ақынның жазған өлеңдерінен патриоттық әндер байқауын, мектеп оқушылары арасында облыстық мүшайралар, ақын-жазушыларға арналған әдеби-экскурсиялар ұйымдастырылады. Қазан айында «Жұбан ұрпақтар жүрегінде» тақырыбында халықаралық Жұбан оқулары және «Жұбан жырлары – ғасыр үні» атты республикалық ғылыми–тәжірибелік конференциясын өткізу,
Жұбан ақынның 100 жылдығына орай облыс орталығында ескерткіш қойылып, өзі оқыған Орал қаласындағы №38 орта мектепке және Орал газ, мұнай және көпсалалық колледжінің ғимаратына ескерткіш тақта орнатылады. Туған жері Ақжайық ауданында демеушілер мен меценаттар есебінен салынатын Жұбан орталығын ашпақ. Осы орталықта ақынға арналған музей мен кітапхана болады.
– Бұл шараларға ақынның ұрпақтарын және елімізге танымал ақын-жазушылар мен композиторларды шақыру көзделіп отыр. Осы шаралардың бәрі Жұбан ақынның шығармашылығын елге таныту, жастардың сезімін қалыптастыру бағытында жүргізіледі, – дейді Сайран Дүйсентегі.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу