ӨЗГЕНІҢ КАРТОЧКАСЫНДАҒЫ ҚАРАЖАТТЫ ОҢАЙ ҚАҒЫП АЛАТЫН АЛАЯҚТАР КӨБЕЙІП ТҰР
2020 жылдың жеті айында Орал қаласы аумағында 394 алаяқтық фактісі тіркеліп, 213-і ашылды. 394 фактінің 185-і интернет алаяқтығына қатысты материалдар. Интернет алаяқтығына қатысты тіркелген қылмыстық істердің 16-сы ашылды. Бұл туралы Орал қаласы Полиция бақармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Соңғы тіркелген фактілер көрсеткендей, қала тұрғындары «Оlx Уральск», «Колесо», «Каспий голд», т.б. әлеуметтік желілердегі хабарландыруларды қарап, тез арада тоңазытқыш, көліктің қосалқы бөлшектерін сатып аламын деген белгісіз тұлғаларға немесе ақша аударым жүйелері арқылы 600, 700 мыңға жуық қаражаттарын аударып, алаяқтардың құрбаны болуда.
Мысалы, 3-шілдеде, сағат 17.00 шамасында белгісіз тұлға «Оlx » қосымшасын қарап, «Индезит» маркалы тоңазытқышын дереу сатып алмақ болып, сатушыға хабарласып, карточка нөмірлерін сұрап, ақша аударатынын айтқан. Бейқам отырған әйел барлық есепшот нөмірлерін телефонның ар жағындағы ер адамға айтқанда, аз-кем уақыттан соң шотында тұрған 580 мың теңгенің аударылып кеткенін көреді. 1973 жылғы, Орал қаласының тұрғыны Ғ.есімді азаматша алаяққа алданғанын біліп, полицияға арыз жазды.
9-шілдеде, белгісіз тұлға «Конденсат» жанар-жағар май құю бекетінің оператор-кассирінің ұялы телефонына хабарласып, «Сбербанк» карточкасына 60 мың теңге аударамын деген желеумен, қарызға ақша сұрап алып, алдап соққан.
17 шілдеде 1984 жылғы қала тұрғынына хабарласқан бейтаныс жан өзін «Каспий» банктің қауіпсіздік бөлімінің қызметкері ретінде таныстырып, «Сіздің есеп-шотыңыздан көп көлемдегі қаражат жойылып кетуі мүмкін сол себепті маған банк карточкасының, есеп-шоттардың нөмірлерін айтыңыз» деп сұрап алады да, шотта жинаулы тұрған 226 мың теңгені өзіне аударып алған. Жеке басы мен карточкаларының деректерін ағынан жарыла айта салған 1984 жылғы азамат интернет алаяғының құрбаны болғанын сезбей қалды.
17 шілдеде сағат 15.00-де белгісіз тұлға «Колесо» қосымшасы арқылы көлік сататын жігітке хабарласып, көлігін тез арада сатып беру үшін алдын ала 200 мың теңге салуын сұрайды, 200 мың теңгені өзінің есепшотына аудартып алған соң ізім-ғайым жоғалып кетеді. 1996 жылғы көлік сатпақ болған азамат алданып, 200 мыңынан қағылды.
25 шілдеде өзінің есімін Фарход деп таныстырған белгісіз тұлға «Оlx Уральск» әлеуметтік желісі арқылы «газоблоктарды шығарып беремін» деп Каспий банк арқылы алдын ала төлем сұраған. Барлық карточкасының деректерін айтқан 1988 жылғы азаматша 30 минуттан соң өзінің есеп шотынан 500 мың теңгеге жуық ақшасының белгісіз есепшотқа аударылып кеткенін байқаған. Оқиға орнына барған Орал қ.ПБ жедел-тергеу тобы ақшаның аударылғаны туралы чек көшірмелері мен аударымның скриншоттарын алып қайтты.
Осылайша, қала тұрғындарының сеніміне кірген аляқтар діттеген жымысқы ойларын жүзеге асыруда. Соңғы уақытта өзін Каспии банк қызметкерімін деп таныстырып, қала тұрғындарының карталарының нөмірлерін, өзге де деректерін сұрап алып, алаяқтардың құрбаны болу фактілерінің жиілегені жасырын емес. Осы орайда Орал қаласы Полиция қызметкерлері осы жағдайларды ескерте отырып, қалалықтардан егер бейтаныс тұлға хабарласып, өзінің басқа қалада жүргенін айтып, дәл қазір картаңыздың нөмірін жазып салуды сұраса, бейтаныс адамдарға жеке басыңыздың деректері мен банк картасының пин кодтары мен нөмірлерін айтпауларыңызды сұрайды.
Алаяқтар бірнеше азаматты дүрліктіріп, оларға көп шығын әкелді. Моральдық және материалдық тұрғыдан қаншама зиян келтірді. Сол себепті облыс пен қала тұрғындарының алаяқтарға алданып қалмауларын, жалған телефон шалушылардан сақ болуларын сұраймыз.
Айта кетейік, 2019 жылдың жеті айында 527 алаяқтық фактісі орын алды, оның 246-сы ашылған. Интернет жолымен алданған тұрғындардан 24 арыз қабылданған.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу