«ЗЕНИТ» ЗАУЫТЫНА ТАПСЫРЫС ЖОҚ
Оралдық «Зенит» зауытының 200-ден астам қызметкері жұмыссыздар қатарын толтыруы мүмкін. Өйткені алдағы жылы кәсіпорынның су көлігіне тапсырыс жоқ көрінеді. Осы орайда кеме құрастыруға шыңдалған мамандар «екі қолға бір күрек таппай қаламыз ба?» деген қорқыныштарын жасырмайды.

Соғыс жылдарында бұл зауытта жарылғыш заттардың 20-дан астам түрі жасалған. Солардың арасында жау кемесін жоюға арналған зәкірлі минаның жөні бөлек. Торпедолық жою құралдарының көмегімен жаудың 5 мыңнан астам жүзу құралы талқандалыпты. Ал тәуелсіздік алғалы бері оралдық бұл зауытта 30-дан аса су көлігі құрастырылған. Мұндағы мамандардың дені Петербордағы оқу орнының түлектері. Дағдарыс дендеп зауыт өніміне тапсырыс болмаса, алдымен инженерлер мен техникалық бағыттағы мамандар қысқартуға тап болады.
Антон Копняев еңбек жолын қарапайым слесарь маманынан бастап учаске басшысына дейінгі даңғылдан өткен. Ол кейінгі уақытта зауыт еңбеккерлерінің біртіндеп жұмыстан шығарылып жатқанын айтады. Яғни, 30 әріптесі дағдарысқа байланысты қызметтен босатылған.
– Алдағы жылы тапсырыс болмайды деп жатыр. Сонда бірнеше отбасы нәпақасынан айырылады деген сөз. Аймақта бұл бағытта шыңдалған кәсіпорын жоқ. Жаңа тапсырыстар болмаса біз қайда барамыз, – дейді Орал «Зенит» зауытының учаске басшысы Антон Копняев.
Еліміз бойынша іргелі кеме құрастырушы кәсіпорынды бұл тығырықтан шығарудың амалы да жоқ емес. Мәселен, өндіріс ошағы бейбіт бағыттағы кемелер мен қайықтарды құрастырушы кәсіпорын ретінде жұмыс бағытын өзгертсе, мәселенің түйіні тарқар еді. Өндіріс ошағының басшысы Вячеслав Валиев мұндай тапсырыстарды өз елімізде орындауға мүмкіндік бола тұра өзге мемлекеттерде орындалатынын айтты. Сондай-ақ, «Зенит» квазимемлекеттік секторға жататындықтан, Үкімет қаулысына сәйкес азаматтық өнімдердің барлық түрлерін шығаруға тыйым салынған.
– Осы орайда отандық өндіріс орынына үлкен қолдау қажет. Біз шетел өнімдеріне тәуелдіміз. Шекара қызметіне «Айбар» жобасының қайықтары қажет екенін білеміз. Біз құрастырған кемелердің заманауи талаптарға сай екені баршаға аян. Сол себепті мемлекет қолдау көрсетсе дейміз. Бұл зауыттың кемелерін тіпті, шет мемлекеттерге де шығаруға болады, – дейді Орал «Зенит» зауытының бас директоры Вячеслав Валиев.
Өндіріс ошағының бүгінгі халі жергілікті билікке де белгілі. БҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Тұрсын Өтебаева өңірдегі іргелі кәсіпорынға тапсырыстардың болмай отырғанын жасырмады.
– Бұл мәселені біз ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың облысқа сапары барысында көтердік. Сонымен қатар индустриялық-инновациялық даму мен Қорғаныс министрлігіне кәсіпорынның жұмыс жүктемесіне қатысты хаттар жазылды. Бірақ соңғы шешім әлі жоқ, – деді БҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Тұрсын Өтебаева.
Бұл мәселеге қашан нүкте қойылары әлі белгісіз. Зауыттың кәнігі мамандары болса, Ресей мен Түркия елдерінде жасалған кемелерден сапасы артық болмаса кем түспейтін су көліктерін құрастыруға дайын екендіктерін айтты. Тіпті қажет болған жағдайда қосымша жаңа зауыт ғимаратын салуға да мүмкіндік бар дейді зениттіктер. Алайда, тапсырыс жоқ. Сол себепті жұмысшылар өзге орындардан жұмыс іздеуді бастап кетіпті.
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года

Кіру
Пікір үстеу