«Зенит» қайтадан кеме құрастырады
Ақ Жайық өңіріне жұмыс сапарымен «Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев және Парламент сенатының депутаттары Болат Өтебаев пен Берік Дүйсембинов жұмыс сапармен келді. Халық қалаулылары өндіріс орындарын аралап, кәсіпкерлермен кездесті. Депутаттар алдымен «Орал «Зенит» зауыты» АҚ-ға барды. Зауыттың цехтарын аралап, құрастырылып жатқан кемелердің жай-жапсарымен танысқан Азат Перуашев жұмысшылармен жүздесті.
Қазір өндіріс ошағында алғаш рет су арқылы мұнай тасымалы мен кен өндірісі өнімдерін экспорттауға арналған алпауыт су көлігі мен жағалау күзетіне арналған катер құрастыруда. Бұл жұмысқа барлығы 750 еңбек қолы тартылған. Өткен жылы мемлекеттік тапсырыстың болмауына байланысты елімізге танымал «Зенит» зауытының өнімі пайдалануға берілмей қалған еді. Бүгінде кеме құрастыру басты брендіне айналған зауытта ел шекарасын күзетуге қажетті жүрдек катерлер, сыйымдылығы жоғары корабльдер құрастырылады. «Зениттіктер» күні бүгінге дейін 34 кеме мен катерді пайдалануға берді.
Зауыт жұмысшыларымен кездесуде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев кәсіпорын жұмысшыларын толғандырған мәселелерге ден қойды. Оның ішінде инфляция мен ұлттық валюта бағамының тұрақсыздығы туралы мәселенің ел көлемінде көтеріліп келе жатқанын мәлімдеді. – Қазіргі уақытта кәсіпкерлерді қолдау өте өзекті. Оның ішінде осындай ірі кәсіпорындарды сақтап қалу үшін мемлекеттің жылы көзқарасы керек. Өздеріңізге белгілі бұл ірі өндіріс ошағы тек елімізге ғана емес, әлемге танымал зауыт. Яғни «Зенит» – тарихы терең, елімізге танымал кәсіпорын.Талай қиындықты жеңіп, дағдарысты еңсерген зауыт бүгінде бірегей кәсіпорынға айналды. Ең бастысы, білімді де білікті кадрларды сақтап қалды. Тіпті дүниежүзілік пандемея кезінде де Ресейдегі санкцияға қарамастан шетелдік әріптестермен байланысты үзбеді. Мен мұнда бірнеше мәрте келдім. Келген сайын кәсіпорын жұмыс барысын өзгертіп, бірқатар саланы меңгеріп, кеме жасап қана қоймай, өзге де бағытта елге қызмет ете алатынын дәлелдеді. Уақыт өте түрлі мәселенің туындайтыны сөзсіз. Бұл жолы мемлекеттік салып алуға қатысты, яғни зауытты тапсырыстармен қамту мәселесі айтылды. Сонымен қатар, қажет материалдарды сатып алу да өзекті. Мен ісі алға басқан мұндай кәсіпорынға мемлекет тарапынан жүйелі қолдау көрсетілуі керек деп есептеймін, –деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Азат Тұрлыбекұлы.
Бас директордың бірінші орынбасары Алексей Солодовниковтың айтуынша, келесі жылы көктемде «Айбар» № 3 шекаралық патрульдік кемесі, яғни 35-ші кеме суға жіберіледі. Жалпы бір жыл ішінде өндіріс ошағында үш кеме жасауға мүмкіндік бар.
Соғыс жылдарында бұл зауытта жарылғыш заттардың 20-дан астам түрі жасалған. Солардың арасында жауға қарсы қолданылған зәкірлі минаның жөні бөлек. Торпедолық жою құралдарының көмегімен жаудың бес мыңнан астам жүзу құралының көзі құртылған. Ал тәуелсіздік алған осы жылдар ішінде кәсіпорында 30-дан аса су көлігі құрастырылса, өткен жылы кеме жинау жұмысы мүлдем орындалған жоқ. Алайда, зауыттың 700-ден аса қызметкерін сақтап қалу мақсатында ірі өндіріс ошағы мұнай өңдеу саласымен айналысушы кәсіпорындарға қажетті құбыр түрлерін шығару және жеткізумен шұғылдануды қолға алды. Енді бұл мәселе шешімін тапқандай.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру


Пікір үстеу