ЗАШАҒАН КЕНТІНІҢ ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ
Соңғы жылдары халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу жолында қалаға қарасты Зашаған кентінде жұртшылықтың көз алдында атқарылған жұмыстар жетерлік. Бүгінде кент тұрғындарының саны 5700-ге көбейген. Кентте 13 шағынаудан және 1 елдімекен орналасқан. Халық саны өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға өскен. Қазіргі таңда кенттің инфрақұрылымы толықтай өзгерген. Шешімін тапқан мәселелермен қатар, шешімін табуды қажет ететін өзекті жайттар да бар. Бұл туралы қаңтардың 30-ы күні қаладағы №47 орта мектепте Зашаған кентінің әкімі Әділбек Қадыров халық алдындағы есептік кездесуінде баяндады. Оған қала әкімі Абат Шыныбеков пен орынбасарлары, құрылымдық бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Кент әкімінің баяндамасына сүйенсек, Өткен жыл бюджетінің кіріс бөлігі 425 млн. теңгені құраса, шығыс бөлігі 417 млн. теңгеге жеткен. Ағымдағы жыл басына дейін 400 кәсіпкерлік нысаны тіркеліпті. Былтырғы жылы ірі бес жоба өз жұмысын бастаған. Атап айтсақ, «Fly max», «Планета одежды», «Марсель» банкет залы, «Ағайын holl» банкет залы, сервистік орталық «АвтоДоктор».
Үстіміздегі жылы Зачаган кентінде аумағы бес гектар жерді алып жатқан жылыжай құрылысын аяқтау жоспарлануда. Инвест жобаның құны – алты млрд. теңге. 2018 жылға қарағанда өсім 10% құрайды. Кент аумағында 90 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Оларға төрт пәтер иелері кооперативі, екі сервистік компания, төрт үйде үй басшысы қызмет жасайды. Барлық тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға коммуналдық қызмет көрсетіледі.
Кент аумағында 172 көше болса, оның 42-сі асфальтталған, 134 көшеге топырақ төселген. Өткен жылы Строитель, Сарытау шағынауданындағы №50 орта мектепке кіреберіс жолдар мен Айтқұлов көшесіне күрделі жөндеу жүргізілсе, Мөңкеұлы, Сұлтан Бейбарыс, Ақын Сара, Қабдолов, Күлтегін, Шайхиев көшелерінің 6,5 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолы жасалған. «Балауса» шағынауданына апаратын №6, 7 қоғамдық көліктердің жолдары қалпына келтірілуде. Қазіргі таңда бұл жұмыстардың 90 пайызы аяқталған. Автомобиль жолдарын жөндеу үшін сегіз жоба жасақталып отыр.
Кентте аула аумақтарын абаттандыруға да баса мән берілуде. Жәңгірхан көшесіндегі 13-үйді «Айдана» ЖШС мердігерлік компаниясы 6,5 млн. теңгеге абаттандырса, 25-Чапаев дивизиясы, 3 мекенжайы бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайын. Жоба осы жылы жүзеге асады деп күтілуде. Мөңкеұлы көшесіне 120 жарықдиодты шам орнатылған. Ал Энтузиаст, Азербайджанский және Автомобилистер көшелерін жарықтандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттар жасақталған. Кенттегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында биыл Саратов трассасындағы «Балапан» аялдамасындағы, «Орал-Ақтөбе» тас жолындағы, №20 орта мектеп аумағындағы Шарабасов көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер өткеліне жарықдиодты шамдар орнату көзделуде.
Өткен жылыСағынғали Сейітов 1/3, Жәңгірхан 57, 57/1, Цветочный және Жақсыауыл шағынауданында бес балалар ойын алаңқайы пайдалануға берілген.
Осы жылы кентке төрт аялдама, үш балалар алаңқайын, 37 еуропалық үлгідегі қоқыс жәшігін орнату жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Зашағанда 85 қоқыс алаңқайы бар, қоқыс жәшіктерінің саны 309-ға жеткен. Осы жылы кент аумағында 5 млн. теңгеге 80 қоқыс жәшігі қойылған. Кентте 11000 оқушы оқитын, алты мектеп бар. 1500 оқушы мектепке тасымалдау арқылы қатынайды. 7 мемлекеттік, 11 жеке, барлығы – 18 бала-бақша 2500 (екі мың бес жүз) балаға қызмет көрсетеді. Бүгінгі күнге кент бойынша 4000 бала балабақшаға кезекте тұр.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
P.S. Кездесу барысында жұртшылық көкейдегі сауалдарын қала әкіміне тікелей қойып, нақты жауаптар алды. Бұл туралы «Жайық үні» газетінің №5 санынан оқи аласыздар.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу