8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қаңтар 2021 1733 0
Қоғам

ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚОҒАМНЫҢ ҚЫЗУ ТАЛҚЫСЫНДА

Қазіргі уақытта «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қызу талқылануда. Әлеуметтік желілер арқылы бұл заң жобасының қабылдануына қарсылық танытқандар өз пікірлерін білдіруде. Олардың қатарында оралдық ата-аналар да бар. Олар тәуелсіз заңгерлердің өздерімен жүздесіп, осы заңның әр бабы бойынша қарапайым сөздермен түсіндіріп берулерін сұрап отыр.


Бүгін, 22 қаңтар күні Оралдағы «Отбасы» орталығында көпбалалы аналардың ұсынысы негізінде басқосу ұйымдастырылды. Оған өңірдегі мәслихат депутаттары, әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.
Басқосуға келген аналардың сөзінше, «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қабылданар болса, ата-ана мен бала арасына іріткі салып, отбасының құтын қашыруға әкеледі. Дегенмен, сөз алғандар заң жобасымен өздері таныспаған. Айтуларынша, заң тілімен жазылған құжатты қарапайым түрде түсіну қиын. Сондықтан заңгер мамандар түсіндіріп берсе деген тілектері бар.
«Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлназ Құлжанова ата-аналар өз сөздерінде келтірген үйде әр балаға 15 шаршы метрден кеңістік болуы, «жыныстық еркіндік» туралы нормалар қазіргі жобада жоқ екенін атап өтті.
– Былтыр 23 қыркүйекте Мәжіліс депутаттары «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» және оған ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Алайда, сол кездегі жоба мен ҚР Парламенті сайтында қазіргі тұрған жобаның айырмашылығы көп. Арадағы үш ай ішінде қоғамдық ұйым өкілдерінің талқылауы, ұсынысы негізінде жобаға өзгерістер енгізілді. Белсенді ел ағалары заң жобасындағы кейбір баптардың біздің менталитетке келмейтінін, ұлттық дәстүрге кереғар болатынын айтып, қоғамдық пікірлерін білдірді. Шынын айтқанда бұл жоба әлі де толықтыруды қажет етеді. Осы ретте ұсыныстарымызды жазбаша түрде тізіп жолдауымыз қажет, – деді Гүлназ Мағжанқызы.
ҚР ІІМ-нің мәліметінше, өткен жылдың басынан қыркүйекке дейін зорлық-зомбылық фактілері бойынша 130 мыңдай арыз түскен. Әсересе, пандемия басталғаннан отбасылық зорлық-зомбылық оқиғалары күрт көбейген. Сала мамандары осы орайда заңның қабылдануы қажеттігін алға тартып отыр.
Заң жобасын түсіндіру мақсатында алдағы уақытта заңгерлердің қатысуымен басқосу және құзырлы мекемелердің өкілдерімен тікелей эфирдегі жүздесу ұйымдастырылатын болады.

Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
102 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
161 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
225 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
260 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
305 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»