«Заңсыз» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді
Шет елдіктердің көші-қон заңнамын сақтауына, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және елімізде шет елдіктердің жүріп-тұруына қатаң бақылау жасау мақсатында Орал қаласы аумағында «Заңсыз» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз көшіп-қонушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында қызмет көрсетілетін әкімшілік аудандарда учаскелік полиция инспекторларымен аулалар мен пәтерлерді аралау жүргізіліп, жеке тұрғын үй секторлары жеке қожалықтар тексерілді.
Іс-шара өткізу кезінде 127 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Соның ішінде:
Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы кодексінің 517 бабы-шет елдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші қоны саласындағы заңнамасын бұзуы бойынша-90 хаттама толтырылды.
518 бабы-шет елдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР халықтың көші қоны саласындағы заңнамасын бұзуы бойынша-35 хаттама толтырылды.
519 бабы-шет елдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту бойынша-2 хаттама толтырылды.
2024 жылы Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен ҚР шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасын орындамай іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының 1971 жылғы, 1992 жылғы 2 азаматы ұсталды.
Қазақстан Республикасының шегінен Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы кодексі бойынша-11, азаматтық процестік кодексі бойынша-2, барлығы 13 шет ел азаматтарын шығару туралы соттың шешімі шықты. Сот шешімін орындамай жүрген 2 шет елдік елден мәжбүрлеп шығарылды.
Орал қ.ПБ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз

Кіру