8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Тамыз 2022 2061 0
Оқиға

Заңсыз мұнай өнімдерін өндірген

Аймақта мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы тоқтатылды. Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қомақты көлемдегі мұнай өнімдері заңсыз айналымының жолын кесті. «Жедел іздестіру іс-шаралары барысында мұнай өңдеуші зауыттың өндірістік төлқұжаты болмағаны анықталды. Міндетті рұқсат құжаттарының жоқтығына қарамастан, ЖШС мұнай өнімдерін заңсыз өндіруді, сақтауды, өңдеуді және тасымалдауды жалғастырды. Нәтижесінде, дер кезінде жүргізілген шаралар 3,5 мың тоннадан астам мазут, теңіз отыны мен нафтаның басқа да мұнай өнімдерінің түрін ел аумағынан тыс жерлерге заңсыз шығарудың жолы кесілді. Аталаған факт бойынша тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді», – делінген ресми хабарламада. Ведомство мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, сатып алу, сату және сақтау фактілері анықталған жағдайда, Агенттіктің сенім телефондарына және ҚМА аумақтық департаменттеріне хабарлауды сұрайды.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
122 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
182 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
245 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
276 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
320 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»