ЗАҢСЫЗ БАЙЫҒАН ШЕНЕУНІКТЕРДІ ЖАЗАЛАУ БАСТАЛДЫ

Дүние-мүлкі заңды табыстарына сай келмейтін мемлекеттік қызметкерлерге қаржылай және қызметтік жаза қолданылады.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік басшысы Алик Шпекбаев Казахстанская правдаға берген берген сұхбатында жемқорлыққа қарсы күресте шешуші өзгерістерге жеткізетін жаңа антикоррупциялық шаралар туралы әңгімеледі. Бұл шаралар президент тапсырмасы бойынша құрылған ведомствоаралық жұмыс тобында қарастырылады.
– Ең алдымен біз заңсыз жолмен байығандар үшін жауапкершілік енгізуді ұсындық. Дүние-мүлкі заңды табыстарына сай келмейтін мемлекеттік қызметкерлерге әзірге қаржылай және қызметтік жаза қолданылады. Шығындар декларациясын енгізумен бірге бұл жемқорлықтың тамырын жұлуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметкерлер үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығындар декларациясын енгізу қажет, және оның жариялануын міндетті ету керек деген пікірлер айтылды, – деді Алик Шпекбаев.
Мемлекеттік қызметкерлердің табыстары мен шығындарын міндетті декларациялау – табысы мен шығындары сай келмейтіндерге не істейміз деген сұрақ туындатады. Сол себепті тұрмысының деңгейі заңды табыстарымен үйлеспейтіндерге қатысты жаза қолдану жағы заңда нақты жазылуы тиіс.
– Мемлекет басшысының 24 мамырда өткен Ұлттық инвесторлар кеңесі отырысында экономикада жаңа мемлекеттік компаниялар құруға мораторий жариялағаны тегін емес. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелерге қарасты ұйымдарды қысқарту керек. Қазір олардың саны шамамен 7 мыңдай. Соның есебінен босаған ақшаны мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруге жұмсауға болады. Бұл жерде заңды тұлғалардың бұқаралық құқығы институтын енгізу – өзін-өзі ақтайтын, бәсекелі ортада жекелеген мемлекеттік қызметтерді орындайтын ұйымдар қажет. Одан бәрі ұтады: халық мемлекеттік қызметті қайдан алғысы келетінін өзі таңдайды, бизнес үшін жаңа салалар ашылады, ал мемлекет іскерлік белсенділіктің артуы мен жемқорлықтың азаюы түріндегі дивиденд алады. Бұл халықаралық тәжірибе, бұл мәселеде біз «Атамекен» палатасы тарапынан толық қолдауға иеміз, – деді ол.
Жемқорлықпен күресте көлеңкелі экономиканың көлемін азайту керек, қазір оның көлемі Ішкі жалпы өнімнің шамамен 30 пайызын құрайды. Көлеңкелі экономиканы «майлайтын» нәрсе – қолма-қол ақша. Қолма-қол ақшаның айналымын заң жүзінде шектеу көзделуде.
Мемлекеттік сатып алу саласын жетілдіруде мәселе көп. Қазір оны 25 мың ұйым жүргізіп отырғанын ескерсек, жемқорлықты бақылау қиынға соғып отыр. Орталықтандыру көзделуде. Ірі сатып алуларды енді қаржы министрлігінің тиісті комитеті мен жергілікті әкімдіктердің өкілетті бөлімдері жүргізеді. Алайда ұсақ тендерлер кезінде жемқорлық тәуекелі сақталып отыр. Бұл жағдайдан шығу үшін бюджеттік ұйымдар мен мекеме басшылары өздеріне жатпайтын функциялардан толық босатылады. Дәрігерлер тек емдейді, мұғалім – оқытады.
Әлеуметтік саладағы көп мәселе жемқорлардан тәркіленген қаражат арқылы шешіле алар еді. Тек соңғы үш жылдың ішінде жемқорлықтан келген шығын 40 млрд теңгені құрады.
– Қазақстанда жемқорлыққа деген көзжұмбайлық болмайды. Ел билігінің нақты мақсаты бар, үздік әлемдік тәжірибелерді сіңірген жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы бар, – деп қорытындылады ол.
Версия для печатиzakon.kz
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру
Пікір үстеу