ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ҚОСЫМША ИММУНДАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
16 қыркүйектен бастап Батыс Қазақстан облысында 20-29 жастағы адамдарға қызылшаға және қызамыққа қарсы қосымша иммундау жүргізіледі. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары хабарлады.

Вакцинацияға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері мен жеке құрамы, сотталғандар мен тергеумен қамауға алынғандарды қоса алғанда, 20-29 жас аралығындағы барлық адамдар, егу мәртебесіне қарамастан болатын жері бойынша вахталық әдіспен еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдар жатады.
Тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, 2018-2019 жылдары қызылшаға және қызамыққа қарсы егілгендігі туралы құжаттамалық растауы бар адамдар, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдер қызылша мен қызамыққа қарсы профилактикалық егулерге қосымша иммунизацияланбайды.
Азаматтық халықты вакцинациялау аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде жүргізіледі. Қосымша иммундауды жүргізудің қажеттілігі республиканың барлық аумағында және әлемде қызылша ауруының тіркелуінің жалғасуымен байланысты.
Батыс Қазақстан облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Р.Құбатаевтың айтуынша, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының 2019 жылғы 30 шілдесіндегі деректеріне сәйкес 130 мыңнан астам қызылша ауруы тіркелген. Соның ішінде 53 мемлекеттің 49 өңірінде қолайсыз жағдайлары тіркелді. Бұл ретте Қазақстан Украиндан кейінгі екінші орында. Нақтырақ айтсақ, Украинада 84 394 жағдай, Қазақстанда 9 430 жағдай тіркеліп отыр. Қазақстан Республикасында қызылша бойынша асқынудың эпидемиологиялық жағдайы 2018 жылдың қараша айынан бастау алған, 2019 жылы аурудың өршу мерзімі қантар-ақпан айларында байқалады.
– Ағымдағы жылы облыста қызылшаның 119 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 83-і – зертханалық расталса, 36 жағдайда науқаспен эпидемиологиялық байланыста болғандығы анықталды. 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 45,4% құрады (54 жағ.), 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 18,3 құрайды. Аурушаңдық 6 әкімшілік аумақта, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 75 жағдай, Бәйтерек ауданында – 23 жағдай, Бөрлі ауданында – 7 жағдай. Бөкейорда ауданында – 6 жағдай, Сырым ауданында – 4 жағдай, Теректі ауданында – 4 жағдай тіркелген, – дейді Ринат Құбатаев.
Аурудың жоғары көрсеткіші 20 жастан асқан егілмеген тұрғындар (ауырғандардың 44,4% 20 жастан асқан адамдар) және 1 жасқа дейінгі егу жасына жетпеген балалар (46,2%) арасында тіркелуде. Департамент басшысының айтуынша, иммундауды профилактикалық егулер жүргізуге рұқсаты бар медициналық қызметкерлер жүргізеді. Облыс бойынша 20-29 жас аралығындағы 64 700 адамды қосымша иммундау көзделіп отыр.
20-29 жас аралығындағы тұлғаларға қосымша иммундау жүргізу үшін облыста денсаулық сақтау мекемелерінде 241 стационарлық егу пункті жұмыс істейді. 119 егу бригадасы дайындалған. Қажеттілікті қамтамасыз ететін тоңазытқыштардың жалпы саны – 497. Жекелеген учаскелерде халықты қосымша иммундау үшін облыста 118 елдімекенге қызмет көрсететін 130 көшпелі бригадалардың жұмысы ұйымдастырылған.
Батыс Қазақстан облысы бойынша «СК-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибютері арқылы сатылып алынған қызылша мен қызамыққа қарсы вакциналар қыркүйек айының ортасында 71 200 доза мөлшерінде келіп түседі. Қызылша мен қызамыққа қарсы вакцина – үндістан елінде өндірілген, ДДСҰ ұсынылған екікомпонентті вакцина болып табылады. Ресейде өндірілген тұмауға қарсы вакцина 65 000 доза мөлшерінде (2019 жылдың қыркүйек айында – 60480 доза, қазан айында – 4520 доза) келіп түседі деп күтілуде.
Қызылша – дене қызуының жоғарылауымен, катаральды белгілермен жөтел, мұрынның бітуі, тамақтың ауыруы және бөртпемен сипатталатын жіті вирусты жұқпалы ауру. Қызылшаның алғашқы белгілері – жалпы шаршағандық, дене қызуының жоғарылауы, бастың ауруы, мұрынның бітелуі, тамақтың ауыруы, жарықтан қорқу, конъюнктивит, жөтел. Негізгі белгілері – дененің барлық бөлігінде бөртпе, бірінші бастан басталып, дененің төменгі бөлігіне және аяққа таралады. Қызылша пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит, энцефалит (ми қабығының қабынуы) сияқты ауыр асқынулармен қауіпті, олар медициналық көмекке кеш жүгінгенде және ауыр қосымша аурулар болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін. Қызылшаны емдеудің тиімді және ерекше әдісі жоқ. Қызылшадан жалғыз тиімді қорғану бұл вакцинация болып табылады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу