Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру.
Азаматтардың заңды құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Департамент келіп түскен арыз-шағымдарды жан-жақты қарап, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметтерге тұрақты түрде қашықтықтан мониторинг жүргізіп келеді.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Департаменттің араласуымен қашықтықтан мониторинг нәтижесінде 132 қызмет алушының, ал шағымдарды қарау нәтижесінде 14 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Атап айтқанда, ішінара келесі бұзушылықтар анықталды:
- Ауылдық округі әкімінің аппаратымен өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскесіне құқық алу қызметі бойынша өтінім жер комиссиясында қаралмай, негізсіз бас тартылған. Департаменттің ұсынымы негізінде жер комиссиясында қайта қаралып, тиісті шешім берілді.
- Медициналық ұйымдар тарапынан медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекітуден негізсіз бас тарту фактілері анықталды. Нәтижесінде азаматтар тиісті медициналық ұйымдарға тіркелді.
- «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы «Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша өтінімдердің тіркелмегені анықталды. Департаменттің ұсынымы негізінде өтінімдер тіркеліп, азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді.
Департамент алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсету саласында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, қызмет көрсету сапасын арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысын жүйелі түрде жалғастыра береді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің БҚО бойынша департаменті
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру