ЫСЫРАПШЫЛДЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ
Ысырап сөзі араб тілінен енген, «босқа шашу», «мөлшерсіз жұмсау», «шектен шығу» деген мағыналарды білдіреді.

Алла Тағаланың тарту еткен несібесін бет алды шашу, түбінде адамға өкініш алып келетін күнә. Алла Тағала қасиетті Құранда ысырап жөнінде былай деген: «Жеңдер, ішіңдер, бірақ ысырап етпеңдер! Алла Тағала ысырап еткендерді әлбетте жақсы көрмейді» (Ағраф суресі, 31-аят).
Ысырап етуші Жаратушымыздың алдында жағымсыз іс жасауымен қатар, шайтандардың бауырына айналады . «Жақын туысқа, пақыр-міскінге һәм жолда қалған жолаушыға тиісті жақсылығыңды жаса! Мал дүниеңді орынсыз шашып-төгіп, ысырап қылма! Шүбәсіз ысырапшылар шайтандарға бауыр. Ал шайтан болса, Раббысына рақметі жоқ малғұн!» ( Исра сүресі, 26-27-аяттар)
Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) берілген нығметті қалауымызша тұтынуымызды рұқсат етіп, алайда ысырап жасауға тыйым салып, былай деді: «Адамды адасу жолына жетелейтін нәрсе, ысырапшылдық пен такәппарлық» (Бухари ).
Бабаларымыз да кейінгі ұрпақ сіз бен бізге ысырапшылдыққа бармай, қолдағы бар ырыздық-несібе мен берекетті орнымен пайдалана білуді өсиет еткен. Абай атамыз «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде ысырапшылдықты ең бір жаман әдет ретінде қарастырып былай деген:
«Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз».
Демек, Алланың берген нығметінен жеп, ішіп, алайда дәулет артқан кезде, жағдайы төмен кедейдің, жетім-жесірлердің тиісті үлестерін беруді еш ұмытпау қажет. Сондай-ақ сырт көзге мақтану ниетімен қымбат киіну де ысыраптың бір түріне жатады. Сондықтан қаражатымызды пайдасы тиетін жерге жұмсап, зияны тиетін жерден аулақ болуымыз ләзім.
Тамақтанған кезде де өз мөлшерін сақтаған жөн. Ислам дінінде аз тамақтанып тән саулығын күшейтумен қатар, мешкейлікпен артық асап, ысырапшылдыққа ұрынбау керектігі де ескертілген. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл жөнінде былай деген: «Ішіп жеңдер, киініңдер және садақа беріңдер, бірақ ысырап пен тәкаппарлықтан сақтаныңдар» (Бұхари).
Дінімізде меймандарға ас тарту етудің сауапты іс екендігі аят, хадистерде баяндалған. Қазақ дәстүріндегі дүниеден өткен адамның жетісін, қырқын, жылын беру де тектен-тек пайда болмаған. Ол кезде қазақ ауылдарында ағайын-туған, жекжат-жұрағаттардың арасы өте шалғай болған. Көршілердің өзі де жақын жерде болмаған. Сондықтан алыстан көңілқос айта келген қонақтарға арнайы мал сойдырып, ет астырып, ас ұсыну қалыптасқан. Алайда, қазіргі уақытта, қайтқан кісінің құрметіне берілетін құдайы астарды ысырапқа жол бермей атқару қажет. Ислам діні аталмыш асты қарызданып, қауғаланып міндетті турде өткізуді құп көрмейді. Себебі қазіргі уақытта адамдардың көбісі өзінің тұрмыс-тіршілігіне мән бермей, жетпей жатқан жағдайда да мол қаражат жұмсап, жылқы сойып, садақа беріп, әбігерге салынып, ас беруді әдетке айналдырған. Тіпті шектен тыс ойына келген әрекеттерге, ысырапшылдыққа жол берілген. Соның бірі – өлік шыққан үйдің дастарханы, тойдың дастарханымен бірдей деңгейге жетті. Орамал, жыртыс, ақша тарату шариғат міндеттемейтін ысырапшылдық. Санамыздағы ысырапшылдық сияқты кемшілікті имандылық тәлім-тәрбие, арқылы түзетуіміз қажет. Құран мен сүннеттегі осыншама ұстанымдарға құлақ түрілсе, ысырапшылдықтың алды алынары сөзсіз.
Қазақтың тойсыз күні жоқ. Салт-дәстүріміздің қатаң сақталуымен тәрбиелік маңызы зор болып есептелетін тойлардың өзі де бұрынғы деңгейінен құлдырап, даралықпен даңғазалыққа айналған. Бүгінгі күні дәстүр мен дарақылықты шатастырып, ысырапшылдыққа жол беретіндер көп. Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мумкін емес.
Прагматизм – өзінің ұлттық және жеке байлығыңды нақты біліп, оны үнемді пайдалануың әрі соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алуың және ысырапшылдық пен астамшылдыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдинеттің белгісі орынсыз сән-салтанат емес, керісінше ұстамдылық пен қанағатшылдықты, қарапайымдылық пен үнемшілдікті орынды пайдалану – көрегенділікті көрсетеді. Тойға тыйым салу немесе шектеу қоюды қалап отырған жоқпыз, бәлки астамшылдыққа тосқауыл болатын барлық амалдарды жүзеге асыруымыз қажет.

Батыс Қазақстан облысы,
Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы,
Жакенов Қанат Қуанышбайұлы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

Кіру
Пікір үстеу