8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Желтоқсан 2018 2111 0
Қоғам

ҒЫЛЫМИ-КЕҢЕС ТОБЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

          Бүгін Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде  ғылыми-кеңес отырысы өтті. Жиынға білім кешенінің құрылтайшысы, академик Ақсерік Әйтімов, оқу орнының академиялық серіктестері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде академиялық серіктестері ғылыми жобалар бойынша есеп берді. Сондай-ақ қабылдау комиссиясының 2018-2019 оқу жылында студенттердің саны мен сапасын арттыру  бағытындағы жұмысы қорытындыланды.

Жиынды ашқан «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімов Елбасы Жолдауы аясында білім ордасында бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Өз кезегінде «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің ректоры Әліби Баяхов білім ордасында 2016 жылы басталған зымыран жобасы бойынша ғылыми топ жұмыс істеп жатқанын, осыған орай Бөкей ордасы, Жәнібек, Жаңақала, Қазталов аудандары Капустин Яр полигонына жақын орналасқан аймақтар болғандықтан, ғылыми кеңес тобы аталмыш аудандарға арнайы барып, жұртшылықпен жүздесіп, көптеген мәселелерді қаперге алғанына тоқталды. Осы бағытта болашақта арнайы мақалалар жинағы шығарылып, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өтетінін тілге тиек етті.

Ал   Ресей ғарыш академиясының кеңесшісі, «Ресей ғарыш» журналының тілшісі Валентина Полетаева Капустин Яр полигонынан 1947 жылы 18 қазанда бірінші ракета ұшырылғандығы туралы деректерді алға тартып, қызметтес болған қазақстандық әріптестері туралы әңгімеледі.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
120 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
173 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
363 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
352 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»