«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – ORAL-2020» ӨҢІРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Білім басқармасының жоспарына сәйкес 5-13 қазан күндері аралығында «WorldSkills Kazakhstan-Oral» өңірлік чемпионаты өткен болатын. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында оздырылған «WorldSkills Kazakhstan-Oral» өңірлік чемпионатының қорытындысы бойынша жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім басқармасының медальдары, дипломдары және сертификаттарымен марапатталды.

Чемпионат 26 құзыреттілік бойынша оздырылды. Үздік деп танылып, І дәржелі дипломмен марапатталған студенттер республика көлемінде өтетін чемпионатта өңір намысын қорғайтын болады.
Жарыс қорытындысында «Сандық бағдарламамен басқару станогындағы токарлық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша I дәрежелі диплом Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің студенті Ардақ Нысановқа берілді.
Дәнекерлеу технологиялары» құзыреттілігі бойынша I дәрежелі дипломмен Орал политехникалық колледжі Вячеслав Живетин марапатталды. Шыңғырлау колледжінен Әли Ермұханов «Үздік маман» атанды.
«Электр монтаждау» құзыреттілігі бойынша I дәрежелі дипломмен Ақсай техникалық колледжінің студенті Роман Курицын, марапатталса,
Үздік маман – Жаңақала колледжінен Жалғас Сәрсенбаев Жалғас пен Шынғырлау колледжінен Мирас Әмірғалиевке «Үздік маман» дипломы табысталды.
«Кірпішті қалау» құзыреттілігі бойынша I дәрежелі дипломмен Шыңғырлау колледжінен Кәрім Алдаберген марапатталды.
«Құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары» құзыреттілігі бойынша Орал политехникалық колледжінің студенті Олег Землянушин I дәрежелі дипломмен мараптталды.
«Бояу және сәндік жұмыстары» құзыреттілігі бойынша I дәрежелі диплом Орал политехникалық колледжінің студенті Андрей Сосковқа берілді.
«Ағаш шеберінің ісі» құзыреттілігі бойынша I дәрежелі диплом Орал политехникалық колледжі Тамерлан Эрмекке табысталды.
«Графикалық – дизайн» құзыреттілігі бойынша I дәрежелі диплом Шыңғырлау колледжінің студенті Амир Бикитеевқа берілсе, «Үздік маман» дипломы Жоғары аграрлық -техникалық колледжінің студенті Асхат Құмарға табысталды.
«Веб – дизайн» құзыреттілігі бойынша I дәрежелі диплом Орал ақпараттық технологиялар колледжінің студенті Юсупов Русланға берілді.
«Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша I дәрежелі дипломды Теректі колледжінің студенті Айымгүл Оразғалиева жеңіп алды.
«Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша I дәрежелі дипломмен «Орал «Сервис» технологиялық колледжінің студенті Дилназ Сүлеймен марапатталды.
«Дизайн және киімдерді үлгілеу» құзыреттілігі бойынша I дәрежелі диплом Орал «Сервис» технологиялар колледжінің студенті Аружан Сүндетоваға берілді.
«Мейрамхана сервисі» құзыреттілігі бойынша I дәрежелі диплом Сервис және жаңа технологиялар колледжінің студенті Жандарбек Мажитке табысталды.
«Наубайшы шеберлігі» құзыреттілігі бойынша Сервис және жаңа технологиялар колледжінің студенті Әсем Кеңесова I дәрежелі дипломмен марапаталды.
«Дизель қозғалтқышына жөндеу және техникалық қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша I дәрежелі диплом А.Иманов ат. жол-көлік колледжінің студенті Потехин Василийге ұсынылды.
«Автомеханик» құзыреттілігі бойынша I дәрежелі диплом А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің студенті Ақжан Абжетовке табысталды.
«Жеңіл автокөлік жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша I дәрежелі диплом Теректі колледжінің студенті Нариман Мұхамбетовке, «Үздік маман» аталымы Бөрлі колледжінің студенті Алексей Макаровқа берілді.
«Кондитерлік ісі» құзыреттілігі бойынша Бөкей ордасынан Диана Ахметова I дәрежелі дипломды иемденді.
«Ақпараттық кабельдік желілер» құзыреттілігі бойынша Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің студенті Дмитрий Полубояров I дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Ауылшаруашылық машина және тракторды жөндеу слесарі» құзыреттілігі бойынша I дәрежелі диплом Ақжайық аграрлық-техникалық колледжі Әлбек Матчановқа берілді.
«Ветеринария» құзыреттілігі бойынша I дәрежелі диплом Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің студенті Нурдаулет Жұмабековке берілді.
«CAD инженерлік графикасы» құзыреттілігі бойынша Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің студенті Радмир Сабитов I дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша I дәрежелі дипломмен Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің студенті Әсем Ғайнеш марапатталса, «Үздік маман» аталымын осы колледждің студенті Айшат Мукашева алды.
«Желілік жүйені басқару» құзыреттілігінен I дәрежелі диплом Республикалық жоғары техникалық колледжінің студенті Максим Кишиневскийге берілді.
«Слесарь –сантехник» құзыреттілігі бойынша I дәрежелі диплом Жоғары аграрлық -техникалық колледжінің студенті Мәди Мырзанға табысталды.
«Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша Республикалық жоғары техникалық колледжінің студенттері Мирас Демеу мен Руан Қанатқалиев I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу