ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ИНСПЕКТОРЛАР БЕЙНЕТІРКЕУ ҚҰРЫЛҒЫСЫМЕН ЖАРАҚТАНДЫРЫЛАДЫ
Оралдағы ветеринарлық инспекторларға бейнетіркеу құрылғысы берілмек. Бұл ветеринарлық-санитарлық бақылау жүйесіндегі жемқорлық тәуекелдерін жоюдың алғышарты болмақ. Бұл мәселе бүгін Орал қаласы әкімдігінде Орал қаласы ветеринария бөлімі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мәселесі қаралған жиында айтылды.

Жиынға БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары С. Мұстафин, қала әкімінің орынбасары С.Доляның және БҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің, қалалық бөлім басшылары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің сөзінше, Орал қаласы бойынша ветеринарлық-санитарлық бақылау жүйесі қызметкерлерінің пара алуы жыл сайын анықталып отыр. Мәселен, 2017 жылы бөлім басшысы Лұқпанов пен бас маман Бекқалиев сотқа тартылса, 2018 жылы бас маман Түркеев де парамен жазаға тартылды. Әйтсе де, ветринария қызметкерлерінің қала базарлары кәсіпкерлерінен ақша жинауы тыйылмай тұр. Жуырда, яғни 16 мамыр күні Орал қаласы ветеринария бөлімі басшысының орынбасары Ізтілеуовке сот шешімі шықты. Малдың сойылғаны туралы ветеринарлық анықтамасыз ет өнімдерін Орал қаласы базарына кедергісіз әкелуге және сатуға жол беріп, сол үшін бірнеше мәрте пара алғаны үшін айыпталған ол енді 332 500 теңге айыппұл төлеуі тиіс. Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметті иелену құқынан айырылды.
Саладағы өзекті мәселені көтерген сыбайлас жемқорлық қызмет өкілдері шенеуніктердің кәсіпкерлермен тікелей байланысы және рұқсат құжаттарын беруде кең өкілеттіліктерінің болуы сыбайлас жемқорлыққа қолайлы жағдай жасайтынын және оның салдары облыстағы эпизоотиялық жағдайға кері ықпалы ету мүмкіндін атады. Өйткені сауда сөрелерінге ветеринариялық-санитарлық талаптарға сай келмейтін өнімдер түсуі бек мүмкін.
Жиын барысында саладағы жемқорлық тәуекелдерін жою жұмыстары талқыланды. Ветеринарлық-санитарлық бақылау жүйесіндегі жемқорлықтың алғышарттарын жою мақсатында қала әкімдігі ветеринарлық инспекторларды бейнетіркеу құрылғысымен жарақтандыруды жоспарлап отыр.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу