Велосипедшілер жолы ашылды
22 қыркүйек күні қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы Шаған өзенінің оң жағалауынан велосипед жолы ашылды. Веложолдың ашылуына салтанатына орай велосипедшілер арасында қала біріншілігі ұйымдастырылды.
Жаңадан ашылған көпір бойымен өзеннің оң жағалауына бет алған велосипедшілерді қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев бастады. Ролик, скейт, роллермен тегіс жолда серуен құрғандардың көңілі шат. Веложолда өткен алғашқы қала біріншілігі 2001-2002 жылғы жасөспірімдер арасында өтті. Оған он жеткіншек қатысып, нәтижесінде Николай Карпухин жеңіпаз атанды.
– 41 гектар аумақтағы жерді игі мақсатқа пайдаланып, велосипед жолының салынуы – Президентіміздің 2020 жылға дейін бұқаралық спортпен айналысушылардың қатарын 30 пайызға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындауға серпін береді. Сондай-ақ жасөспірімдердің өмірін сақтаудың басты амалы. Осыдан екі-үш жыл бұрын қаламызда велосипедшілеріміз 200-300 ғана болатын. Қазір олардың саны 1000-ға жетті. Қызығушылық танытқандар қатары артуда. Соңғы жылдары облысымызда дене шынықтыру мен спортты дамытуға аса көңіл бөлінуде. Бұл бізді қуантады, – дейді БҚО велоспорт федерациясының президенті Асқар Шораев.
Пайдалануға берілген велосипед жолының ұзындығы – 2,7 шақырым. Оның 400 метрі – балаларға арналған шағын айналым жолы. Жаңа орында афальтты-бетонмен жабылған 800 метр қашықтықты қамтитын автокөлік жолы да бар. Жол бойы арнайы сызықтармен екшеленіп, белгілер таңбаланыпты. Жаздыгүні велосипедшілер, қыста шаңғышылар үшін модульді ғимарат, от жағу қазандығы салынған.
Шағанның оң жағалауын игеруге арналған жобаның негізінде «ҚПО б.в» қаржыландырған жол құрылысын атқарған мердігер «Марасант» ЖШС. Қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Алмас Пішенбаевтың мәліметінше, құрылыс жұмыстары 2015 жылдың сәуір айында басталған. Жұмысты атқаруда ешқандай аутқушылықтар болмаған, сапалы қызмет нәтижесінде нысан уақтылы тапсырылыпты. Жұмыстарға 214 млн. теңге жұмсалған. Әзірге пайдалануға берілген бұл орынжай – Шағанның оң жағалауын игеруге арналған жобаның бірінші кезеңі ғана. Екінші кезеңді жүзеге асыру тапсырыс беруші «ҚПО б.в» тарапынан мердігер анықталған соң басталады.
– Алда Зашаған ауылынан саябаққа дейінгі жолды аяқтау жұмыстары тұр. Жоспар бойынша су құбырын тарту, қосымша электр желілерін орнату, жарықшамдар орнату, саябақты толық қоршау – екінші кезеңнің еншісінде. Сондай-ақ тал-теректер отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары қолға алынбақ. Екінші кезеңдегі жұмыстардың жалпы құны – 251 млн. теңгені құрайды, – деді Алмас Жәнібекұлы.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Айсұлтан АШЫҒАЛИЕВ, 12 жаста:
– Алты жасымнан велосипед тебуді бастадым. Алғашында төрт дөңгелекті велосипедім болған. Кейін екі дөңгелектіге ауыстым. Екі жылдан бері достарыммен бірге велосипед мектебіндегі жаттығуларға қатысамын. Болашақта Александр Винокуровтай әлемдік сайыстарға қатысып, еліміздің көк туын желбіретсем деген арманым бар.
Никита БАТЮКОВ, 14 жаста:
– Бұрын жаттығуларымыз Меловые горки ауданындағы жол бойында өтетін. Ол, әрине, велосипедке арналмаған. Үнемі көлік қозғалысы бар. Сондықтан велосипед жолының ашылуын асыға күттік. Енді дайындығымыз оқшау орында өтетін болды. Велосипедшілерге қолдау көрсеткен ел ағаларына рахмет айтамыз.
Соңғы жаңалықтар
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Кіру
Пікір үстеу