Валерий Павлович Власов №10 округ депутаты
1953 жылы 20 мамырда Орал қаласында дүниеге келген. Орал қаласындағы № 6 орта мектепті бітірген соң, 1971 жылы Орал құрылысы техникумына оқуға түседі, осы жылы Кеңес әскері қатарына шақырылды. Әскери борышын өтеген соң, Орал құрылыс техникумындағы оқуын жалғастырып, 1976 жылы аяқтады. Еңбек жолын ҚазССР Автокөлік жолдары министрлігінің №37 ЖПК шеберінен бастаған. 1976 жылдың қазан айында «Уральскпромстрой» тресінің үй құрылысы комбинатына жұмысқа орналасты, соңынан 1998 жылы ол мекеме «Домостроитель» Өндірістік кооперативі болып қайта құрылды. Үй құрылысы комбинатындағы еңбек жолын монтаждау учаскесінің мастері қызметінен бастады, соңынан осы учаскенің прорабы болып тағайындалды. 1985 жылы ақпанда комбинат бастығының құрылыс жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, 1994 жылдың желтоқсанынан бастап Үй құрылысы комбинатының бас инженері болып жасады. 1998 жылы 1 шілдеден бастап күні бүгінге дейін «Домостроитель» өндірістік кооперативінің басшысы. «Қазақстанның құрметті құрылысшысы», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан «Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.
Үйленген, 3 бала тәрбиелеп отыр.
«Ақжол» демократиялық партиясының мүшесі.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Кіру
Пікір үстеу