ВАКЦИНА АЛ, ӨМІРІҢДІ САҚТА!
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Вакцина ал, өміріңді сақта!» атты акция өтті. Бұл туралы БҚАТУ-дың медиа-орталығы хабарлады.
Іс-шараны БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Негізгі мақсат – вакцинаның адам өмірі үшін маңыздылығын түсіндіріп, студенттерді екпе алуға шақыру. Шарада сөз алған Жәңгір хан университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов:
– Адам өміріне ең қауіпті жұқпалы індетті жеңудің бір ғана жолы – вакцинация. Бір адамның ғана емес, бір отбасының немесе тұтас ұжымның тағдырын сақтап қалуға септігін тигізетін екпе арқылы сіз өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етесіз, – деп, студенттерді өз денсаулығын қорғауға шақырды.
Университет студенттері ән шырқап, көңілді тапқырлар командасы өз өнерлерін көрсетті. Білім алушылар 1-курсқа түсуші студенттерді вакцина алуға шақырып, өздері де соларға үлгі болатындықтарын жеткізді.
– Вакцина алу арқылы біз өз денсаулығымызды ғана емес, жалпы қоғамымызды пандемиядан қорғаймыз. Бүгін 1-курсқа қабылданушы студенттерге екпе алудың маңызды тұстарын түсіндіруге тырыстық, – дейді университеттің «Индустриалды-технологиялар институтының» 4-курс студенті Ескендір Сержанұлы.
Кеш жүргізушісі жуырда коронавирусқа қарсы екпе салдыртқан студенттер арасында ынталандыру сыйлықтары ойнатылатынын ескертті.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз

Кіру
Пікір үстеу