8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қазан 2019 1810 0
Қалалықтар қаперіне

УНИВЕРСИТЕТТЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да электронды қызмет залы ашылды. 

 

Өткен жылы университетте студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылған болатын. Мұнда «бір терезе» қағидасы бойынша анықтамалар мен транскрипттер, диплом түпнұсқаларын беру, білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу, гранттар мен шәкіртақыларға өтініштерді қабылдау, оқу ақысын нақтылау, ауысулар, қайта қабылдау, академиялық демалыс пен оқудан шығу мәселелері және академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу бойынша жалпы 35 қызмет түрі көрсетіледі. Енді осы орталықтан электронды қызмет көрсету бұрышы ашылып отыр. «Азаматтарға арналған үкімет» МК-ның Батыс Қазақстан облысы филиалымен бірлесе қолға алынған электронды қызмет бұрышы бірінші кезекте университет қызметкерлері мен студенттерінің цифрлы сауаттылығын арттыруға бағытталған. Яғни, университет қызметкерлері мен студенттері орталықтың фойесіне қойылған қос компьютерді пайдаланып, «е-gov.kz» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуына болады. Ол үшін бүгінге дейін ХҚКО мамандарының жәрдемімен мемлекеттік қызметтерді алу туралы курстан өтіп, сертификаттарын алған оқу орнындағы  20 шақты IT-маман бағыт-бағдар беріп отырады. Университеттің академиялық мәселелер жөніндегі басқарма басшысы Жанна Құбашеваның айтуынша, ХҚКО-на бармай-ақ мұнда бір реттік құпиясөзбен 60 шақты және ЭЦҚ қолдану арқылы 300-дей қызметті алуға болады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
81 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
116 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
212 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
196 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»