8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қазан 2020 1295 0
Қоғам

«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ АЯСЫНДА КЕШЕНДІ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Республикалық «Учаске» профилактикалық іс- шарасы аясында оралдық полицейлер пәтерлер мен саяжай аумақтарын аралап, тексеру жүргізуде. 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және БҚО ПД-нің 2020 жылғы 5 қыркүйектегі нұсқауына сәйкес, халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде экстремизм және терроризм көріністерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 7 қыркүйектен басталған болатын.

Орал қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабардар еткендей, бүгінге  дейін Орал қаласы ПБ ЖПҚб учаскелік полиция инспекторлары 68 390 көп қабатты жәйлі пәтерлерді, 52 962 жеке жер үйлерді, 411 жалдамалы пәтерлерді тексерді. 17 039 саяжай үйінің 4676- сын тексерді. 15 шаруа қожалығын қарады. 12 белгілі тұрағы жоқ тұлғаны БҚО ПД нің қабылдап тарату орынына жеткізді. Мектеп инспекторлары көшеде қараусыз жүрген 22 жасы кәмелетке толмағандарды ұстап, 13- ін уақытша бейімдеу орталығына орналастырды. Бұған дейін профилактикалық есепке қойылған тұлғаларды да мекенжайларына барып кешенді тексеріс ұйымдастырды.

Соңғы бір аптада әлеуметтік жағынан аз қамтылған, өнегесі төмен 2 отбасы есепке қойылды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 484-бабына сай азаматтық, қызметтік қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзған 2 тұлға, жалпы жедел алдын алу шарасы  басталғалы 8 тұлға анықталды. Жедел алдын алу шарасы басталғалы бері қаруларды сақтау мерзімі аяқталған 4 азаматты, соңғы бір аптада 1 қару иесін тапты.

«Учаске» республикалық профилактикалық іс-шарасы 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
99 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
340 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
332 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»