8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Сәуір 2020 1803 0
Қоғам

«УАҚЫТША ҚИЫНДЫҚТЫ БІРЛІГІМІЗБЕН ЕҢСЕРЕМІЗ»

Серік МҰХАМБЕТӘЛИЕВ, Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің директоры, Орал қалалық мәслихатының депутаты:           

–    Қазіргі таңда тұтқиылдан келген жаман індет – коронавирус дерті барша адамзатқа қауіп-қатер төндіруде. Өкінішке орай, бүгінде бұл кесел біздің елімізді де айналып өтпеді. Осы жағдайға байланыс ты Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев  бүгін «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласын жолдап,  еліміздің ешбір азаматы қамқорлықсыз қалмайтынын жеткізді.  «Мен сөзімді алдымен аға ұрпақ пен зиялы қауым өкілдеріне арнаймын: халықты ынтымаққа шақырып, жақсылыққа, ізгі амалдар жасауға, саламатты өмір салтын ұстануға үндеңіздер. «Ырыс алды – ынтымақ» екенін ұмытпаңыздар. Жастарды еңбекке, білім алуға, қатарының алды болуға тәрбиелеңіздер. Ұрпақ алдындағы жауапкершілік бізді осыған міндеттейді. Кәсіпкерлерге де арнайы айтарым бар: сіздер тәуелсіздіктің арқасында өз істеріңізді қалыптастырып, аяқтарыңызға нық тұрдыңыздар, мол дәулетке кенелдіңіздер. Енді «Мен еліме не беремін?» дейтін кездеріңіз де келді», – деген Елбасы баршаны жұдырықтай жұмылып, қиындықты бірлесе еңсеруге ұмтылдырды.

Мақалада мемлекет осы қиындықтан шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын және тиісті шараның барлығын атқаратынын  мәлімдеп, көпшіліктің көңіліндегі күпті ойды сейілтті.  Әрине, қалыптасып отырған жағдай оңай емес. Бұл – бүкіл әлем мемлекеттеріне түскен зор ауыртпашылық. – Біз оны осындай сын сағатта септігін тигізетін халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі арқасында міндетті түрде жеңіп шығамыз. Ол үшін бізге қажетті нәрсе – қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық-түлік – бәрі бар. Алаңдайтын, абыржитын еш негіз жоқ, – деген Тұңғыш Президентіміздің жалынды сөздері барша ел тұрғындарына рух бергендей болды. Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз – ел болмайды, тәртіпке бас иген ел құл болмайды» деген қанатты сөзін берік ұстанып, баршамыз тәртіпке бағына білейік. Қазіргідей алабұртпа көңіл жағдайында Елбасы  дархан халқын қиындыққа қайыспай, белді бекем буып, береке-бірліктен айрылмауға шақыруы – асқан көрегендігі деп білеміз.          Сондықтан ел ішіне үрей таратып, байбалам салушылардың арзан әңгімелеріне ермей,  сақ болғанымыз жөн.  Елбасы айтқандай, ғайбат пен байбалам орнына ғылым-біліммен шұғылданғанымыз абзал.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
97 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
338 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
330 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»