8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Сәуір 2020 1172 0
Қоғам

ТЖ тәртібін қамтамасыз етуге 24 қаладан 10 мың сарбаз жұмылдырылды

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев өңірлік әскерді арнаулы жиынға шақыру жұмысы жеңіл әрі шектеулі сипатта өтетінін айтты.

«Азаматтар тұрғылықты жері бойынша шақырылады. Әр кеш сайын үйіне қайтады. Әскери қызметке жұмысқа барғандай таңертең келеді. Аймақтарда арнаулы жиын Бас штабтың келісімімен жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша кезең-кезеңімен өткізіледі. Яғни бір уақытта болмайды. Арнаулы жиынға шақыртуды қабыл алу – күрделі кезеңде патриоттықты таныта білудің мүмкіндігі. Қарулы күштер бірінші күннен бастап әртүрлі міндеттерді орындауға атсалысып келеді. Қазірдің өзінде елдегі 24 қалада 10 мыңға тарта әскери қызметкер жұмылдырылған. Олар патрульдеу, дезинфекциялау және тағы басқа қажетті шаралардың бәрін атқарып келеді. Бүгінгі күні әлеуметтік маңызы бар 2 мыңға тарта нысан тазартылды. Радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздікке байланысты әскери қызметшілер азаматтық қорғаныс саласына бейімделіп, міндеттерін атқаруда», – деді Нұрлан Ермекбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Министрдің айтуынша, қорғаныс саласы Денсаулық сақтау министрлігіне көмек көрсетіп, қазір Алматы облысында әскери-далалық аурухана орналастырылған. «Әскери-көліктік авиация азаматтарды шетелден эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы өңірлік әскерді арнаулы жиынға шақыру сипаты жағынан жеңіл әрі шектеулі болады. Азаматтар үшін ешқандай ыңғайсыздық туындамайды», – деді Қорғаныс министрі.

Еске сала кетсек, кеше Қазақстан Президенті әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы Жарлық шығарған еді.

Атап айтқанда қазақстандықтар жекелеген өңірлерде медициналық қызмет, тасқынмен күрес және дезинфекция жұмыстарына шақырылады.

https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-tzh-tartibin-kamtamasyz-etuge-24-kaladan-10-myn-sarbaz-zhumyldyryldy_a3633238

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
97 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
338 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
329 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»