ТЫЛ АРДАГЕРІН ҚҰРМЕТТЕДІ
Таяуда жерлесіміз Мария Уахитқызы мерейлі 90 жасқа толды. Өмірдің шуағы мен қиындығын қатар көріп, қайрат-жігерімен ғасырға бет алған ғазиз жанды жақында БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті ұжымы шын жүректен құттықтап қайтты.
Ұлы Отан соғысы кезінде жерлес ер азаматтарымыз қан майданға аттанып, соңғы демі қалғанша жан аямай күрессе, тылдағы еңбек те бір мезетке толас тапқан емес. Ауыл шаруашылығындағы ауыр еңбекті арқалап келген ерлердің шайқас алаңына жұмылдырылуына байланысты, қалған ауыр істің барлығын тындыру елде қалған қарияларға, әйелдер қауымына, одан қала берсе белі әлі де қатаймаған жасөспірім балаларға артылды.
Тылдағы күйбең тірліктің бел ортасында жүріп, шынашақтай кезінен еңбекке ерте араласқан тыл ардагерінің бірі – Ибатова Мария Уахитқызы. Ол 1935 жылы 20 қыркүйекте Ресей Федерациясының Куйбышев облысында дүниеге келді. 1939 жылы отбасымен Теректі ауданы Подстепное ауылына көшіп келген. 1941 жылы ата-анасы өмірден озып, 21 жастағы ағасы майданға аттанады. Мария Уахитқызы соғыс жылдары кезінде 7-8 бала жасынан бастап, егістікке шығып, арпа, бидай орған, қасындағы қатарлас бауырларымен және ауылдастарымен бірге еңбектеніп, өздері ашқұрсақ жүргеніне қарамастан, тапқан азықтарын соғыстағы жан беріп, жан алысып жүрген жауынгерлерге жіберіп отырған. 1943 жылдан бастап, өзінен бірер жас үлкен ағасы екеуі немере апасы мен немере ағаcының қолында тәрбиеленеді.
Осылайша XX ғасырдың ортасындағы ең қиын, ауыр кезеңді басынан өткеріп, иығына түскен ауыртпалықты көтеріп, жеңе білген, адал еңбекпен тапқан адал азықтың дәмін татқан, бүгін де ұрпағын Отанға, туған жерге аянбай еңбек етуге тәрбиелеп отырған аяулы Мария Уахитқызын, яғни,
тыл ардагерлерінің еңбегін ұмыт қалдырмай, бағалап, жастарға үлгі-өнеге болсын деген ниетпен және аса құрметпен, ғасырға жуық мерейлі туған күнімен Батыс Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің орынбасары, подполковник А.Жакипов, Теректі ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник Р. Шарипаев және Психологиялық жұмыс қызметінің бастығы, аға лейтенант Қ.Әділхан құттықтап, әжейдің естелік әңгімелерін тыңдап, ақ батасын алып келді. Ғазиз ана біздің басшылық пен қызметкерлерге зор ризашылығын білдірді.
Г. Имашева,
Батыс Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің инспекторы
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру