ТІРШІЛІК НӘРІНЕН ТАРШЫЛЫҚ БОЛА МА?
Бірнеше аптадан бері облыс орталығының тұрғындарына су беру арнайы кесте бойынша жүзеге асқаны аян. Бұл жүйе енді жеке секторларға да қолданылатын болады. Атап айтқанда қаланың Солтүстік-Шығыс ауданы (ескі аэропорт), қаланың ергесіндегі саяжай алқаптары, Зачаганск, Мичурин, Асан ауылдарындағы аз қабатты жеке тұрғын үйлерге су беру шектеліп, кесте бойынша берілетін болады.

Мұндай шектеу шараларына коммуналдық мекеме амалдың жоқтығынан барып отыр. Өйткені қала іргесіндегі елдімекендер, атап айтсақ, саяжайлар мен Зачаганск кентінің тұрғындары ауыз суды шамадан тыс көп тұтынып, нәтижесінде су тазалау стансасына түскен салмақ екі есеге артқан. Яғни бау-бақша дақылдарын суаруға орталық коммуналдық жүйе қызметін пайдаланудың салдарын көп қабатты үй тұрғындары көріп, 4 және 5-ші қабатқа ауыз су жетпей отыр. Сол себепті енді «Жайықжылуқуат» АҚ-ның бір жылыту қазандағының жұмысын шектеу қойылып, ыстық су температурасы төмендетілмек. Сондай-ақ қазандықты салқындатудан шыққан 200 текше су қосымша «БатысСуАрнасына» бағытталып, 1600 текше метр су сағатына тазарту қондырғыларына жіберілетін болады. Оған қоса жеке секторлардағы тұрғын үйлерге су беру шектеліп, кесте бойынша берілетін болады. Ауыз су беруді кестеге сәйкес жүргізудің басты себебі жазғы мезгілде ауыз су тұтыну мөлшері өсуіне және қалалық кәріздік желідегі қайта құру жұмыстарына байланысты болып отыр. «Батыссуарнасы» мекемесімен қалаға мамыр айында орташа тәуліктік су беру көлемі 49 500 текше метр болса, қазіргі уақытта 55 000 текше метр жетіп отыр. Коммуналдық мекеме директоры Қайырғали Имашевтың айтуынша, бұл суды ысырапсыз пайдаланудың салдары.
– Оған қоса апатты жағдайдағы Шолохов көшесіндегі айналмалы кәріздік коллекторды ауыстыруға байланысты қаланың солтүстік шығыс аумағы, жаңа шағын аудандар, орталық аумақтағы барлық кәріздік ағындардың 70 проценті Неусыпов көшесіндегі шайынды су коллекторы арқылы өткізілуде. Сәйкесінше осыншама жүктемеге бұл желі шыдамай апатты жағдайға келіп отыр. Сондықтан осындай шектеу шараларын алуға тура келді. Оған қоса су тазалу стансасы жаңғыртуды талап етеді. Бүгінде қосымша су көздерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Зачаган халқы үшін жаңа су тазалау стансасын салу жоспары бар. Жобалық құжаттары дайындалу үстінде. Болашақта бұл мәселе тағы да қайталануы мүмкін. Сол себепті қосымша 22 су көзін ашу жоспары бар,– деді «Батыссуарнасы» ЖШС директоры Қ. Имашев.
Суды шектеу арқылы берудің негізгі себебі шаһарды тіршілік нәрімен қамтып отырған Жайық өзенінің суының азаюы және әрі жерасты ұңғымаларындағы су деңгейі төмендеуі. Сонымен қатар тұрғындардың суды ысыраптап пайдалануынан. Бұл мәселе коллекторларды жөндеу жұмыстары мен бау-бақша науқаны аяқталар сәтте ғана шешілуі мүмкін.
Айнара ТӨЛЕУҒАЛИ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Кіру
Пікір үстеу