ТАТУЛЫҚТЫ ТУ ЕТТІ
Қаңтардың 6-сы күні «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің ұжымы мен студенттері әлемдегі барлық православ христиандарымен бірге Рождество мерекесін атап өтті. Мерекеге жиналғандарды «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы Батыс Қазақстан филиалының төрағасы, академик, профессор Ақсерік Әйтімов құттықтап, бұл қасиетті күн адамдар арасындағы мейірімділікті, кешірімділікті, шыдамдылық пен сүйіспеншілікті бейнелеп, жаңа өмірдің басталғанын сипаттайтынын, әлеуметтік-саяси маңызы өте жоғары екенін, оқу орнында барлық конфессиялар тату-тәтті білім алып жүргенін атап өтті.
– Мемлекет басшысының халық бірлігі мен дәстүрлі мәдени құндылықтарға негізделген даналы конфессияаралық саясатының арқасында бүгінгі күні Қазақстанда келісім мен тұрақтылық нығайып келеді. Бұл әр отбасына бейбітшілік пен береке, бақыт пен молшылық тілеймін! Қазақ қоғамының негізгі ұстанымының бірі — еліміздегі рақымшылыққа, жақсылыққа баулитын түрлі дін өкілдеріне, олардың ұлттық мәдениетіне құрметпен қарау. Рождество — Иисус Христостың туған күні. Бұл күн христиандардың басты мерекелерінің бірі болып есептеледі. Рождество мейрамын барлық христиандар атап өтеді. Бұл түнде рождество алдындағы ауыз бекіту аяқталып, дәстүрлі тағамдарға толы мерекелік дастарқан жайылады. Олар бір-біріне тәтті тағамдар ұсынып, түрлі сыйлықтар жасайды. Мереке кезінде дос-жаран, тума-туыс бір-бірін ізгі ниетпен құттықтап, барша жан мейірімділік танытып, жоқ-жітік адамдарға қайыр-садақа таратып, қамкөңіл жандарды қуантып, жетімдерге тарту-таралғылар жасаған жөн деп санайды. Сонда ғана құдайдың шапағатына бөленеді деген наным бар. Ғасырлар бойы қазақтың дархан даласында түрлі мәдениет, дін мен салт-дәстүрді ұстанатын сан-алуан халықтардың тағдыры ұштасып жатты. Соның нәтижесінде қазір қазақ халқымен бірге бір шаңырақ астында 140 этнос пен 40 конфессия өкілдері бейбіт ғұмыр кешуде. Ұзақ уақыт көршілес өмір сүрген халықтарда бір-біріне деген тұрақты шыдамдылық пен бір-біріне құрмет дәстүрі қалыптасқан, – деген Ақсерік Сарыұлы еліміздегі ислам мен православие діндері арасындағы көп жылдық берік достық қазақстандықтардың рухани өмірінде, патриоттықты тәрбилеуде, азаматтардың ынтымағы мен келісімінің нығаюында маңызды рөл атқаратынын жеткізді. Кеш барысында көпшілік бұл мерекенің тарихын бейнеролик арқылы тамашалады. Бұдан соң халықтың наным-сенімдері туралы көріністер көрсетіліп, жиналғандар шыршаны айнала би билеп, көңіл сергітті. Бұл күні барлық дін өкілдері өзара ынтымақтастықта тұратын мемлекеттің үлгісін паш етіп, көпұлтты еліміздің татулығын арттыра түсті.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу