Тамыз айында ауа райы қандай болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері тамыз айында ауа райы қандай болатынын айтты.

Тамыз айында орташа ауа температурасы солтүстік-батыс жартысында климаттық норманың жанында, ал оңтүстік-шығыс жартысында нормадан 1°С жоғары болады деп болжануда.
Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жуық, орталық, оңтүстік, оңтүстік – шығыс және шығыстың кей жерлерде нормадан аз болады деп болжануда.
Бірінші онкүндіктің ішінде белсенді циклонның ықпалымен республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, кей жерлерде нөсер жауады, сондай-ақ желдің күшейеді. Тек республиканың оңтүстігінде ғана күн ашық болады.
Бірінші онкүндіктің ішінде ауа температурасы жоғары болады:
батыста, солтүстік-батыста 15…25°С жылы;
солтүстікте 17…25°С жылы;
орталықта 25…33°С жылы;
шығыста 30 … 38°С жылы;
оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 30…38°С ыстық.
Ал, бірінші онкүндіктің ортасында жылы ауа массасының әсерінен аспан ашылып, ауа температурасы жоғарылайды.
батыста, солтүстік-батыста 23…31°С ыстық болады;
солтүстікте 25…33°С ыстық болады;
орталық пен шығыста 33…39°С ыстық болса, кей жерлерде 41°С-ге дейін ыстықты көрсетеді;
оңтүстік және оңтүстік-шығыста 33…39°С, кей жерлерде 43°С дейін ыстық болады деп болжануда.
Соңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Кіру
Пікір үстеу