«ТАЛАП» МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ МАГНИТТІК-РЕЗОНАНСТЫҚ ТОМОГРАФИЯ ҚҰРЫЛҒЫСЫ ОРНАТЫЛДЫ
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры жыл басынан бері бизнесті жеңілдікпен несиелеу мемлекеттік бағдарламасы аясында облысымыздағы кәсіпорындарға жалпы сомасы 9,6 млрд. теңге несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша қаржылық қолдау көрсетті. Жалпы 1,3 млрд. теңге болатын 117 жобаға қор кепілдемесі берілген. Бүгін, 22 қыркүйек күні «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының БҚО филилалы өз ісін дамытуда мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкерлік нысандарына баспасөз турын ұйымдастырды.

26 жылдан бері облыс тұрғындарына медициналық қызметтің кең шоғырын ұсынып келе жатқан «Талап» АҚ медициналық орталықтар желісі қаламыздағы жетекші жекеменшік клиника саналады. Бұл медициналық мекеме биыл «Дамудың» қолдауына ие болып, орталықтардың бірінде магниттік-резонанстық томография кабинетін ашып отыр. «Талап» АҚ қалалық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Елена Дзюбаның сөзінше, кабинетке орнатылған МРТ – соңғы үлгідегі құрылғы.
– Біздің миссиямыз – сапалы медициналық қызмет көрсету. Бірақ, бұл жаңа технологияларды енгізусіз, заманауи жабдықтарсыз мүмкін емес. Медициналық құрылғыға қол жеткізу үшін біз «Даму» қорына жүгіндік. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының шеңберінде банк бізге 13 пайыз жылдық мөлшерлеме бойынша 250 млн. теңге сомасына несиені мақұлдады, оның 7 пайызын «Даму» қоры субсидиялайды, – деді Елена Викторовна.
Siеmens маркілі германиялық магниттік-резонанстық томография құрылғысы маусым айында орнатылып, іске қосылған. Бүгінге дейін бұл кабинетте 500-ден аса пациент тексеруден өтті.
Сондай-ақ «Даму» қоры арқылы қолдауға ие болған «Орал трансформатор зауыты» ЖШС өндіріс көлемін ұлғайтып, панельдік радиаторлар өндірісіне арналған екінші зауытты іске қоспақ. Бұдан бөлек мүмкіндігі шеутеулі балаларға арналған «Шаңырақ» түзете-оңалту орталығы жұмысын бастады.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу