8 (7112) 50-86-31, 8-777-419-90-79
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Редакцияның байланыс телефондары:  Конкурс, хабарландыру орналастыру бойынша  8 777 419 90 79 whatsApp

Мақала жариялау, өтетін шара бойынша 8 777 872 54 00, 8 747 985 0153

Бухгалтерияға   қатысты сұрақтар бойынша 8 707 564 0763, 8 777 564 0763.

 

8 (7112) 50-86-31, 8-777-419-90-79
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Сәуір 2021 1099 0
«Жайық үні» — 30 жыл

«ТАЯҚТАН ТАЙСАЛМАҒАН, СЕМСЕРДЕН СЕСКЕНБЕГЕН»

«ЕШКІМ ДЕ, ЕШНӘРСЕ ДЕ  ҰМЫТЫЛМАЙДЫ!»

     

Ардақты ардагер, танымал тұлға Хамза атаның да жамбасы кеше жерге тиген күн. Жаны жұмақта болсын! Жамбыл бабаның жасына жетсе де мұндай жақсыларды қойны тоймас қара жерге қию әсте, қиын! 

Сұм соғыста екі рет ауыр ота жасалып, жапа шексе де майданнан жауды жеңбей қайтпаған Жайықтың қайсар азаматы – Хамза Сафин жайлы 2000 жылдың 19-сәуірінде «Орал өңірі» газетіне «Майдангердің мәңгілік көктемі» атты мақалам шыққан болатын. Ол кезде Хамза ата 75 жаста еді. Арада 21 жыл өтсе де дәл осы мақаланы қаз-қалпында жариялап отырмын. Өйткені, Отан-Анаға, аға-ұрпаққа мәңгілік көктем сыйлаған, бейбіт заманның қадірін ұқтырған Хамза атадай хас батырлар ерлігін есте сақтау – бәріміздің парызымыз!

МАЙДАНГЕРДІҢ  МӘҢГІЛІК КӨКТЕМІ

«Ерлік – елдің қасиеті, Жүректілік – жігіттің қасиеті»

                                                       Бауыржан Момышұлы

 

1943 ж. Топырағы құйындай аспанға көтеріліп, астаң-кестеңі шыққан қасиетті Жер-Ананың маңғаз даласы лапылдап өртке ұшуда. Бүйірден қадалған жау оғы Оңтүстік Батыс майданын жендеттер қолына бермеуге асыққан 78-атқыштар дивизиясын жаныштап әкетердей. Хамза ұрысқа келгелі қиян-кескі сәттерді қаншама рет көруі?! Башқұртстандағы әскери училищені тәмәмдауға шыдамы жетпей, майданға асыққан албырт жастың өн-бойын жауға деген өшпенділік билеп алған. Алғаш дел осындай шайқасты майданға келе жатып жол үстінде көрген. Погорино станциясында пойыз вагондарын өртеп жіберген фашистерге деген оның көкірегін бір кек кернеген-ді. Ал енді жас жауынгер үшін сыналар да, шыңдалар сәт осы тұс сияқты. Қардай бораған оқ әр жерді тіміскілеп, қан іздеген қарғалардың да қанатын қайырғандай… Кенет. Жауынгерлер танкісі қарсы беттегі жау снарядынан шайқалып бара жатты…

Есін жиса, госпитальда жатыр. Қос құлағы түк те естір емес. Бұл оның ең алғашқы жарақаты еді.

  • Біз не көрмедік? Шаштарын жұлып, өздерін отқа жаққан әйел-аналардың сүйегін, тау-теке боп бір бұрышқа үйілген аяқ киімдерін көргенде сай-сүйегіміз сырқыраған сан мәрте. Бір ананың баласындай боп кеткен жауынгерлерді өз қолымызбен көміп, бір уыс топырақпен ант еткенбіз. Тіпті, орден, медальдарымның да жанып кеткені есімде. (Ол ауыр күнсінді).

Қаладағы №13 мектептің 7 класын бітірген жас баланы тон тігетін завод бірден жұмысқа алды. Әкесін 1941-де майданға шығарып сап, анасына тірек болуға белді бекем буған Хамза Әбдірахманұлы заводтың он екі сағат жұмысына шыдап, өз нанын өзі тапқан-ды.

  • Апа, мен соғысқа барамын, – дегенде Бибиғайша ананың кеудесін жас жуған. «Әкеңнен әлі хабар жоқ!».

Азаматтарын алысқа ұзатып сап, сығырайған үміттің шамына ғана жылынған бозғылт үй, тұнжыраған Жайық, манаураған кең дала шинелін сүйретіп, сенім жүгін жүрегіне түйген он жетідегі жігіттің жігерін қайраған-ды! Бұл қырық екінің күзі еді.

***

1943-тің 3 қыркүйектегі Украинаны герман фашистерінен азат етуге асыққан шақ. Қоңыр күздің сұрғылт бұлты одан сайын қабағын түйіп алыпты.

Тағы да ұрыс басталып кетті. Әр жерден  атылған зеңбіректер көз аштырар емес. Оң жақ иығын тесіп бір өткен жау оғы есін енді-енді жиып қатарға қосылған жауынгерді аяса етті? Отыз тісін түгелімен алақанына ұстап, тілі қан жоса болған Хамза дереу госпиталға жөнелтілді. Сорғалай аққан қызыл қан жан шыдатар емес. Тілі күйіп барады. Тірі мен өлінің күйін кешкен ол осылайша дәл қыркүйектің  13-і күні жастық шақтың ең алғашқы көктемі – он сегіз жасын госпитальда қарсы алды! Балауса таңның баспалдағын батырлықпен аттады ол. Екі рет операциядан аман қалған солдатқа қайтып соғысқа баруға бұдан соң руқсат етілмеді. Бірақ осы сөзді естігенде жалын жастың жүрегі күйіп кетті. «Неге бармаймын, майдан өзімдікі емес пе? Мен әлі жаудан кегімді алғам жоқ!»

Ақсары жігіттің қоңыр көздеріннен бір сәуле ұшқын атты… Темір кереуетке таңып тастаса  да, ол алған бетінен қайтар емес. Хамза Сафин 8-ші гвардиялық Панфилов атындағы дивизияның 19-шы Талғар гвардиялық полкімен бірге ІІ Прибалтика майданына бірге аттанды. «Таяқтан тайсалмаған, семсерден сескенбеген» жігіттің бұл үшінші рет майданға оралуы. Талай жан түршігерлік азапты мұнда да бастан кешті. Ал 1944 жылдың соңғы 31 желтоқсаны күнгі оқиғасы оның әлі есінде.

Түн. Ай сүттей жарық. Бір-бірімен көптен көріспегендей жұлдыздар жымың қағады. Бұл күнді пайдаланып, фашистердің Латвия жеріне тосыннан өрт тастамасына кім кепіл?! Кірпік ілмей окопта жауды күзеткен Хамза кенет оқыс дыбыстан селк ете қалды. Ілезде басын көтерді. Отан үшін отқа шарпылған жас жаны кім болса да ештеңеден тайсалар емес. Окопта тасаланып жатқан мас фашист автоматы мен пышағын кезеп бұған таянып келеді. «Түнде пышақ ұзарады» деген рас-ау, жақ-жұрқ еткен қатігез қару оның мақтамен тығындалған оң иығына сүңгіп кетті. Осы сәт Хамза да аянып қалмады. Мұрны қоңқиған қанішердің мақтаға тірелген пышағын кері лақтырды. Ызасы қайнаған Хамза фашистті автоматпен бір атты. Етпеттей құлаған жау қайтіп басын көтермеді.

Жеңістің туын желбіретіп оралған ол жылдар жылжып өткеннен соң әкесі мен інісімен қайтып табысты. Бозғылт үйдің шамы қайта жарқырады.

Жетпіс беске қадам басқан майталман ағаның еңбек іздері бір төбе. Заводтың қара жұмысынан бастап Орал өңірінде сәулетті де зәулім үйлердің бой түзелуіне ол біраз үлес қосты. Құрылыс басқармасының басшылығына дейін көтерілді. «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген құрылысшысы» ел сенімін биік парасаттылықпен сақтай білді. Оның бүгінде басты арманы – облыстық мүгедектер қоғамындағы жоқ-жітік, тағдыр тауқыметін кешкен жандардың көңіліне шуақ сыйлау.

 

***

Он сегізінде от кешкен Хамза ақсақалдың даңғыл бойындағы көпқабатты үйінің шатырларына ақ кептерлер кеп қонақтай қалыпты. Бұл, сірә, жақындап қалған Ұлы Жеңіс мерекесінен хабар ала келген кептерлер шығар?!

… Әне, әне кеудесіне «Қызыл Жұлдыз» ордені мен медальдары жарқыраған ардагер өзіндей майдангерлердің қатарында сап түзеп барады…

Қызғалдақтар бүр жарған елу бесінші Жеңіс тойын жанарынан от шашып, қырандай қанаттанып қарсы алған ардагердің мәңгілік көктемі бұл!

Мира Шүйіншәлиева,

«Орал өңірі» 19 сәуір 2000 ж.    

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Дені сау ұлт
COVID-19: БҚО-ДА 59 СЫНЫП КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ
14 Мамыр 2021
144 0
Қалалықтар қаперіне
АЙТ НАМАЗЫ МЕШІТ АУЛАЛАРЫНДА ОҚЫЛАДЫ
12 Мамыр 2021
248 0
Қалалықтар қаперіне
БАҚЫТЖАН ҚҰРАЛБАЙҰЛЫ – АҚ ЖАЙЫҚ ӨҢІРІНІҢ БАС ИМАМЫ
12 Мамыр 2021
280 0
Қоғам
АУЫЗАШАР ҚОРЖЫНЫ ТАРАТЫЛДЫ
11 Мамыр 2021
344 0
Қоғам
ҚҰРАН ОҚУДАН ЖАРЫС ӨТТІ
11 Мамыр 2021
336 0
Қоғам
ЖЕҢІС ЛЕНТАСЫ ТАРАТЫЛДЫ
09 Мамыр 2021
456 0
«Жайық үні» — 30 жыл
«МЕРУЕРТ – МҰҒАЛІМ БОЛЫП ТУЫЛҒАН…»
09 Мамыр 2021
573 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»