8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Қаңтар 2026 794 0
Құрылтай-2026

Тағдырлы шешімдер тоғысқан Ұлттық құрылтай

Ұлт тағдыры таразыға түсер тағдырлы кезеңдерде қазақ халқы ежелден кеңес құрып, келелі ой айтқан. Сол дәстүрдің заңды жалғасы іспетті Қызылордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы – елдік мүдде мен ертеңгі болашақтың бағдары айқындалған тарихи алаң болды.

 

 

 

 

 

Сан тарауға бөлінген қоғамның сөзін сабақтап, сан қилы пікірді бір арнаға тоғыстырған бұл жиын – мемлекетіміздің жаңа дәуірдегі жаңғыруының айқын көрінісі. Мінберде айтылған әрбір ой, көтерілген мәселе ел дамуының ертеңгі беталысын айқындайтын салмақты қадамға айналмақ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысатын басқосуда ауқымды саяси реформалар, соның ішінде бір палаталы парламент құру мәселесі күн тәртібінде қарастырылды. Құрылтайдың салтанатты отырысында Президент мінберінің екі қапталында мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай отырды. Алқалы жиынның жұмысын алғаш болып мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ашты. Ол құрылтайдың екі күнге жоспарланғанын, алғашқы күні форум жұмысы төрт панельдік секция форматында өткенін атап өтті.

Ерлан Қариннің айтуынша, секциялық отырыстар барысында Ұлттық құрылтайдың 70-ке жуық мүшесі өз пікірін білдіріп, ел дамуына қатысты 200-ден астам ұсыныс пен бастама көтерілген. Аталған ұсыныстар толықтай жинақталып, олардың бірқатары бүгін құрылтай мүшелерінің баяндамаларында кеңінен талқыланбақ. Жиын барысында ғылым саласын дамыту мәселесі де назардан тыс қалмады. Саясаттанушы Марат Шибұтов ғылымды қаржыландыру көлемі артқанымен, нақты нәтижелер мен жаңашылдықтың байқалмай отырғанын сынға алды. Оның мәліметінше, соңғы жылдары ғылымға бөлінетін қаржы 23 млрд теңгеден 250 млрд теңгеге дейін, яғни он есеге жуық өскен. Алайда бұл өсім ғылымдағы серпіліске жеткізбей отыр. Осыған байланысты Шибұтов мемлекеттік тапсырыс тетігін қайта қарап, ғылыми нәтижелердің сапасын арттыру қажеттігін айтты. Сондай-ақ Президент Әкімшілігі жанынан ғылым саласын үйлестіретін арнайы комиссия құруды ұсынды.

Қазақстан экономикасы 6,5 пайызға өскен

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзін Ұлттық құрылтай өтіп жатқан Қызылорда қаласының тарихи рөліне тоқталудан бастады. Мемлекет басшысы бұл шаһардың бір ғасыр бұрын ел астанасы болғанын, дәл осы жерде Қазақстанның болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданғанын еске салды.

Сонымен қатар Президент Қызылорда облысының бүгінгі әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына жоғары баға берді. Соңғы үш жылда өңірде ондаған білім беру, мәдениет, спорт және медицина нысандары салынғанын атап өткен Тоқаев бұл жетістіктерді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың жүйелі әрі табанды еңбегінің нәтижесі екенін айтты.

Жиында елдің жалпы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері де жария етілді. Мемлекет басшысының мәліметінше, 2025 жылы Қазақстан экономикасы 6,5 пайызға өсіп, ішкі жалпы өнім көлемі 300 млрд доллардан асқан. Ал жан басына шаққандағы табыс Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет 15 мың доллар деңгейіне жеткен.

Бұдан бөлек, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайызға дейін артқан. Халық саны 20,5 миллионға жуықтап, азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жеткен. Бұл көрсеткіштер елдегі жүргізіліп жатқан реформалардың нақты нәтижесін айғақтайтынын Президент ерекше атап өтті.

«Жайық үні»

Толығырақ газетіміздің №4 номерінен оқи аласыздар

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
75 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
59 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
70 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
142 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
158 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
188 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
144 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
148 0
Мезгіл мәселесі
Ата Заң айшығы: әл-ауқаттың жаңа формуласы
12 Наурыз 2026
155 0
Бәрекелді!
Деректі фильмнің тұсауы кесілді
11 Наурыз 2026
251 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»