8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Наурыз 2026 266 0
Референдум2026

Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі

Президент:

«Жаңа Конституция жобасы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды ең жоғары деңгейге көтереді.

Яғни адам дүние есігін ашқаннан бастап, оның бастауыш және орта білім алуы, отбасын құруы және кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасау міндеті Негізгі заңда түгел қамтылған.

Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі. Күні кеше ғана кейбір нормалар әлеуметтік қиял сияқты көрінген еді.

Мысалы, қазіргі Конституцияда азаматтың мемлекетке келтіретін зияны жөнінде жазылған, ал жаңа Ата заң жобасында адамға зиян келтіргені үшін мемлекетке жүктелетін жауапкершілік туралы норма пайда болды.

Бұдан былай әр адам мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның заңсыз әрекеті арқылы келтірілген зиянды мемлекеттен өтеп алуға құқығы бар.

«Мемлекет Конституциясы адам конституциясын бұзбайтындай болуға тиіс» деген ұлағатты сөз Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерін қорғаудың жаңа тәсілдерін дәл сипаттайды.

Заң мен тәртіп үстемдігіне мемлекеттік идеология ретінде басымдық берілгенін тағы да атап өткім келеді. Бұл қағидатты толық түсінбесек және ұлттық санамызға сіңірмесек, қазақ мемлекеттігінің нығаюы туралы айтудың өзі артық».

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
49 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
219 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
271 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
443 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»