Оралда Фиксиктер референдумда өз таңдауын жасады
Орал қаласының тұрғындары тағы да ерекше болып, референдумға «Фиксиктер» мультфильмі кейіпкерінің костюмінде келді.
№268 референдум учаскесіне келген балалар мен жасөспірімдер арасында танымал мульткейіпкер «жанданып» кеткендей әсер қалдырып, дауыс берушілердің назарын өзіне аударды.
– Мен бүгін референдумға келдім, өйткені бізде бір жақсы сөз бар: егер кішкентай бөлшек дұрыс жұмыс істесе, бүкіл механизм де жақсы жұмыс істейді.
Біздің еліміз де үлкен механизмге ұқсайды. Ал әрбір азамат – сол механизмнің маңызды бөлшегі. Бүгін өз дауысымды беріп, болашақтың бір «бұрандасын» бірге бұрап жатырмыз,– дейді танымал мультсериалдың «тіріліп кеткен» кейіпкері.
Мұндай перформанс №268 референдум учаскесіне келген сайлаушыларды бей-жай қалдырмады. Адамдар қарасы онсыз да көп болған учаскеде «Фиксиктердің» келуі қарапайым тұрғындардың да назарын аударды.
Азаматтық ұстанымды осындай жарқын түрде білдіруге кейіпкерді мультфильмнің басты ұраны шабыттандырған.
– Фиксиктер әрқашан: «жөндейік, жақсартайық, жаңартайық» дейді. Мен де жаңа, әділ әрі дамыған Қазақстанды бірге құруға өз үлесімді қосқымыз келеді. Сондықтан бүгін мен тек костюммен ғана келген жоқпын. Мен жаңа Қазақстанды бірге құру идеясына сеніп келдім, – деп бөлісті жұмбақ кейіптегі жас.
Мульткейіпкердің костюмін киген жас жігіт өз жеке басын тек учаскелік референдум комиссиясының мүшелеріне ғана таныстырып, дауыс берушілер тізімінде белгіленді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Свыше 1900 ИИ-фильмов из более чем 90 стран поступило на Astana AI Film Festival
ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? ОНЛАЙН-СЕРВИС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

Кіру
