Тағдырлы шешімдер тоғысқан Ұлттық құрылтай
Ұлт тағдыры таразыға түсер тағдырлы кезеңдерде қазақ халқы ежелден кеңес құрып, келелі ой айтқан. Сол дәстүрдің заңды жалғасы іспетті Қызылордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы – елдік мүдде мен ертеңгі болашақтың бағдары айқындалған тарихи алаң болды.
Сан тарауға бөлінген қоғамның сөзін сабақтап, сан қилы пікірді бір арнаға тоғыстырған бұл жиын – мемлекетіміздің жаңа дәуірдегі жаңғыруының айқын көрінісі. Мінберде айтылған әрбір ой, көтерілген мәселе ел дамуының ертеңгі беталысын айқындайтын салмақты қадамға айналмақ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысатын басқосуда ауқымды саяси реформалар, соның ішінде бір палаталы парламент құру мәселесі күн тәртібінде қарастырылды. Құрылтайдың салтанатты отырысында Президент мінберінің екі қапталында мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай отырды. Алқалы жиынның жұмысын алғаш болып мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ашты. Ол құрылтайдың екі күнге жоспарланғанын, алғашқы күні форум жұмысы төрт панельдік секция форматында өткенін атап өтті.
Ерлан Қариннің айтуынша, секциялық отырыстар барысында Ұлттық құрылтайдың 70-ке жуық мүшесі өз пікірін білдіріп, ел дамуына қатысты 200-ден астам ұсыныс пен бастама көтерілген. Аталған ұсыныстар толықтай жинақталып, олардың бірқатары бүгін құрылтай мүшелерінің баяндамаларында кеңінен талқыланбақ. Жиын барысында ғылым саласын дамыту мәселесі де назардан тыс қалмады. Саясаттанушы Марат Шибұтов ғылымды қаржыландыру көлемі артқанымен, нақты нәтижелер мен жаңашылдықтың байқалмай отырғанын сынға алды. Оның мәліметінше, соңғы жылдары ғылымға бөлінетін қаржы 23 млрд теңгеден 250 млрд теңгеге дейін, яғни он есеге жуық өскен. Алайда бұл өсім ғылымдағы серпіліске жеткізбей отыр. Осыған байланысты Шибұтов мемлекеттік тапсырыс тетігін қайта қарап, ғылыми нәтижелердің сапасын арттыру қажеттігін айтты. Сондай-ақ Президент Әкімшілігі жанынан ғылым саласын үйлестіретін арнайы комиссия құруды ұсынды.
Қазақстан экономикасы 6,5 пайызға өскен
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзін Ұлттық құрылтай өтіп жатқан Қызылорда қаласының тарихи рөліне тоқталудан бастады. Мемлекет басшысы бұл шаһардың бір ғасыр бұрын ел астанасы болғанын, дәл осы жерде Қазақстанның болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданғанын еске салды.
Сонымен қатар Президент Қызылорда облысының бүгінгі әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына жоғары баға берді. Соңғы үш жылда өңірде ондаған білім беру, мәдениет, спорт және медицина нысандары салынғанын атап өткен Тоқаев бұл жетістіктерді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың жүйелі әрі табанды еңбегінің нәтижесі екенін айтты.
Жиында елдің жалпы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері де жария етілді. Мемлекет басшысының мәліметінше, 2025 жылы Қазақстан экономикасы 6,5 пайызға өсіп, ішкі жалпы өнім көлемі 300 млрд доллардан асқан. Ал жан басына шаққандағы табыс Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет 15 мың доллар деңгейіне жеткен.
Бұдан бөлек, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайызға дейін артқан. Халық саны 20,5 миллионға жуықтап, азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жеткен. Бұл көрсеткіштер елдегі жүргізіліп жатқан реформалардың нақты нәтижесін айғақтайтынын Президент ерекше атап өтті.
«Жайық үні»
Толығырақ газетіміздің №4 номерінен оқи аласыздар
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру