Жаңа Конституция адамға бағытталған мемлекеттік басқарудың жаңа философиясын қалыптастырады – Абзал Құспан
Елордада «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: келешекке бағдар» атты сарапшылар алаңы өтіп жатыр.
Іс-шарада Парламент депутаттары, саясаттанушылар, академиялық қауымдастық өкілдері, журналистер мен қоғам қайраткерлері жаңа Ата Заң жобасының негізгі ережелерін және орнықты мемлекеттің институционалдық архитектурасын қалыптастыруға бағытталған өзгерістерді талқылауда.
«Жаңа Конституция институттары: орнықты мемлекеттің архитектурасы» атты бірінші панельдік сессияда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан сөз сөйлеп, Конституция жобасының азамат құқықтарын қорғау бағытындағы негізгі жаңалықтарына тоқталды.
Депутаттың айтуынша, жаңа Конституция жобасы тек құқықтық құжат қана емес, адамға бағытталған мемлекеттік басқарудың жаңа философиясын қалыптастырады.
«Жаңа Конституцияның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтып, әділетті мемлекет құру. Негізгі заңның преамбуласында адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылықтары ретінде белгіленген», – деді Абзал Құспан.
Оның айтуынша, жобада азаматтардың құқықтарын қорғауға ерекше мән берілген. Мемлекет әрбір адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға, жеке өмірінің қол сұғылмауын қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар заң алдындағы теңдік қағидасы күшейтіліп, азаматтардың құқықтары бұзылған жағдайда оларды әділ қорғаудың тиімді тетіктері қарастырылған.
Депутат жаңа Конституция жобасындағы маңызды жаңалықтардың бірі – жеке тұлғаны қорғаудың құқықтық кепілдіктерін күшейту екенін атап өтті. Осы мақсатта халықаралық тәжірибеде кеңінен танымал «Миранда қағидасына» ұқсас нормаларды енгізу ұсынылады.
«Бұл қағида бойынша адамды ұстау кезінде оған өзінің негізгі құқықтары түсіндірілуі тиіс. Атап айтқанда, азаматтың үндемеу құқығы, адвокаттың көмегін пайдалану құқығы және қажет болған жағдайда тегін заң көмегін алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі», – деді депутат.
Сонымен қатар жаңа Конституция жобасында адвокатура институтының рөлін күшейтуге ерекше көңіл бөлінген. Адвокатураны Конституция деңгейінде бекіту азаматтардың құқықтарын қорғаудың қосымша кепілдіктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жобада құқықтық суверенитет қағидасына да ерекше назар аударылған. Бұл қағида бойынша Конституция мемлекет аумағындағы ең жоғары заңдық күшке ие болады, ал халықаралық шарттар ұлттық негізгі заңнан жоғары тұрмауы тиіс.
Конституциялық реформаның тағы бір маңызды бағыты – Конституциялық Сот институтын күшейту. Ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес, Конституциялық Сот мемлекеттік органдармен қатар азаматтардың да өтініштерін қарай алады. Егер қандай да бір нормативтік құқықтық акт азаматтың конституциялық құқықтарын бұзса, азамат тікелей Конституциялық Сотқа жүгіну мүмкіндігіне ие болады.
Депутаттың пікірінше, жаңа Конституция құқықтық әрі әділетті мемлекет құруға бағытталған маңызды қадам болмақ.
«Конституцияда белгіленген теңдік қағидасына сәйкес, ұлтына, діни нанымына немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан барлық азаматтардың құқықтары бірдей қорғалуы тиіс. Сондықтан жаңа Конституцияның басты мақсаты – әрбір азаматтың өз әлеуетін іске асыруына, жеке табысқа жетуіне және әл-ауқатын арттыруына мүмкіндік беретін әділетті құқықтық жүйе қалыптастыру», – деп түйіндеді Абзал Құспан.
Сарапшылар алаңындағы талқылау конституциялық реформаның тек мемлекеттік институттарды жаңғыртуға ғана емес, сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған құндылықтық негізді қалыптастыруға арналғанын көрсетті.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады

Кіру