ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНЕ АРНАЛҒАН ҒИМАРАТ АУРУХАНАҒА АЙНАЛУЫ МҮМКІН
Орал қаласындағы құрылысы аяқталмаған түзету мекемесі кардиологиялық ауруханаға айналуы мүмкін. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков мәлімдеді.

Кардиологиялық орталық дәрігерлері емдеу нысанның тарлығы сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік бермей отырғанын айтады. Өйткені 2003 жылы жүрек қан тамырлары жүйесінің ауруларын емдеуге арналған орталық пайдалануға берілгенде емдеу-сауықтыру орны ретінде қаралыпты. Дәрігерлердің айтуынша, науқастар саны уақыт өткен сайын жасарып медициналық көмекке жүгінушілер қатары артып келеді.
Облыстық кардиологиялық орталық директорының орынбасары Эльмира Сүйеуғазиеваның айтуынша, әсіресе, күз және қыс айларында бір күнде ауруханаға түсетіндердің саны 60-тан асып, палатаға сыймағандарға дәлізде көмек көрсетілетін көрінеді.
– Бұл мәселе бірнеше жылдан бері бар. Кей кездері науқастарға дәлізде көмек көрсетіледі. Өйткені медициналық көммекке мұқтаж жандарға қалай болғанда да ем-дом шаралары жүргізілуі керек. Маман тапшылығы жоқ, барлық қажетті заманауи құрылғылар бар. Ең өзекті мәселе – жаңа аурухана, – деді облыстық кардиологиялық орталық директоырының орынбасары Эльмира Сүйеуғазиева.
Қазірдің өзінде науқастар саны көп болуы себепті, нысанның әкімшілік бөлімі аурухананың қарсы бетіндегі «Еуразия» туристік орталығының бір корпусына орналыстырылыпты. Мұның өзі де мәселенің түбегейлі шешімі емес. Сол себепті облыс әкімі жуырда денсаулық сақтау басқармасының мамандарына тапсырма берген болатын. Яғни, облыс орталығындағы сақалды құрылысқа айналған бос ғимартарды қарастырып ауруханаға айналдыру жәйі сөз болды. Осы орайда осыдан бірнеше жыл бұрын бой көтерген жаңа Ақжайық ауданындағы түзету мекемесі құрылысында жіберілген кемшіліктердің салдарынан қаңырап бос тұр. Алдағы уақытта осы нысан қайтадан жаңғыртылып, кардиологиялық орталыққа айналуы мүмкін.
– Қазір түзету мекемесіне арналып тұрғызылған құрылыс нысанын қайта жаңғыртып, ауруханаға бағыттау үшін тиісті шаралар орындалып жатыр. Бұл нақты шешім емес. Алайда бір, ай жарым көлеміндегі уақытта аурхана құрылысы туралы шешім шығарылатын болады, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушыАрман Талғатұлы.
Айта кеткен жөн бұл бағытта әлі зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бір жылда кардиологиялық орталық шамамен 6000-нан аса адамға көмек көрсетеді. Ал қазіргі эпидемилогиялық ахуалға байланысты жағдайлары күрт нашарлаған науқастарға алдыңығы кезекте ем-дом жасау үшін 30-ға жуық кереует бөлек дайындалыпты. Ақ халаттылар болса емдеу сауықтыру орынындағы талаптар ауруханадағыдай болмайтынын айтады.
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу