ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА – 30 КІТАП
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында биыл 30 кітап оқуға ұсынылып отыр. Ұсынылған кітаптар поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті жанрлары және әлем жазушыларының аудармаларынан тұрады. Бүгін, 26 ақпан күні Орал қалалық кітапханалар жүйесі оқуға ұсынылған кітаптарды таныстырды.

«Бір ел – бір кітап» акциясы елімізде 2007 жылдан бастау алды. Абай Құнанбаевтың «Қара сөздерін» оқудан басталған акция әр жылы жалғасын тауып, қазақ жазушыларының адамзат құндылығы, адамгершілік, қайырымдылық, мейірімділікті насихаттайтын таңдамалылары ел болып оқуға ұсынылып келеді. Биыл ҚР Ұлттық кітапханасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 кітапты ұсынды.

Оның ішінде поэзия жанры бойынша М.Мақатаевтың «Өмірдастан», Жұмекен Нәжімеденовтың «Менің Қазақстаным», Ұлықбек Есдәулеттің «Киіз кітап», Серік Ақсұңқарұлының «Көкейімде Күлтегіннің жазуы», Тоқтарәлі Таңжарықтың «Түн парақтары», Бақытжан Қанапияновтың «Достояние души» кітаптары халықтық оқуға ұсынылып отыр.
Проза жанры бойыншаТынымбай Нұрмағамбетовтың «Періштелердің өлімі», Тобық Жармағамбетовтың «Отамалы», Сәуле Досжанның «Қасірет пен тағдыр», Юрий Серебрянскийдің «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет», Дәурен Қуаттың «Бөрісоқпақ», Тұрысбек Сәукетайдың «Желқайық» романы ел болып оқылмақ.
Драматургия саласында оқуға ұсынылған кітаптар – Рахымжан Отарбаевтың «Айна ғұмыр» пьесалар жинағы, Дулат Исабековтың «Жеті желкен» пьесалар жинағы, Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмі», Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрі» пьесалар жинағы, Дулат Рамазанның «Пешене» пьесалар жинағы, Сая Қасымбектің «Жанталас» пьесалар жинағы.
Балалар әдебиеті бойынша Ыбырай Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар», Бердібек Соқпақбаевтың «Жекпе-жек», Марат Қабанбаевтың «Жиһанкез Тити», Толымбек Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн», Зира Наурызбаева және Лилия Калаустың «Алтын тостағанды іздеу», Мәди Айымбетовтың «Бар болғаны он төрт жас» туындылары жыл кітабына енген.
Ал аударма бойынша Кеңес Юсупов аударма жасаған Гарсиа Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық», Бекболат Әдетов аударған Эрих Мария Ремарктің «Аманат өмір», Әділ Ахметов аударған Агата Кристидің «Ғайып болған миллион», Төлеген Меллат аудармасындағы Хусейн Халидтің «Жарқыраған мың күн», Динара Мәзен аударған Ж.К.Роулингтің «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме», Амангелді Құрметұлы аударып шыққан Орхан Памуктың «Менің атым – Қырмызы» кітаптары ұсынылған.
Орал кітапханашылар әр жанрдағы кітаптарды таныстырып, жаппай оқуға таңдалудағы ерекшелігі, мазмұны туралы айтып берді. Орталық қалалық кітапханалар жүйесі кітап қорын сақтау бөлімінің кітапханашысы Райхан Айтжанованың айтуынша, жыл кітаптарының бәрін қамту мақсатында шаралар да ұйымдастырылады.
– Қаладағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 18 кітапхана бар. Таңдалған кітаптарды насихаттау мақсатында әр кітапханада жоспарлы шаралар өтеді. Дөңгелек үстелдер, пікірталас алаңдары, әдеби кештер, зияткерлік ойындар ұйымдастырылады. Мақсат – кітап оқу мәдениеті мен кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап оқу мәртебесін көтеру. Бұл 30 кітаптың басым көпшілігі кітапханаларымызда бар. Жоқ кітаптарға кітап дүкендері арқылы тапсырыс беру бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деді Райхан Айтжанова.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу